1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер, 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының қызметкерлері "1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлерінің коммуналдық қызметтері (жылу, су, көгілдір отын, электрмен қамту) және байланыс қызметтері үшін (абоненттік төлемақы) жеңілдіктер беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 294 шешімі. Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 17 қаңтарда N 3-1-64 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 169 шешімімен

    Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 және 63 баптары негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарын, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Ұсынылған 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, 1941 - 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының қызметкерлері "1941 - 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлерінің коммуналдық қызметтері (жылу, су, көгілдір отын, электрмен қамту) және байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы) үшін жеңілдіктер берілсін.

    2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

    Сессия төрайымы

    Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады