III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 10 наурыздағы XVI сессиясының "Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған XXIX сессиясының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 4 шешімі. Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірде N 8-1-28 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 10 наурыздағы ХVI сессиясының "Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-1, "Взгляд на события" газетінде 2005 жылғы 18 мамырда N 19 (084) жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      1) 7 тармақта "Тыйым салынады" сөздері "Жол берілмейді" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 7 тармақтың 9 тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Әбдіров Қадырбек Сағашұлы).

      III шақырылған
      қалалық мәслихаттың кезектен тыс
      ХХIХ сессиясының төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      Қарағанды қаласының
      Қазыбек би атындағы
      ауданның әкімі                             М. Кәрібеков

      Қарағанды қаласының
      Октябрь ауданының әкімі                    А. Ессе

      Қарағанды қаласының
      Қазыбек би атындағы
      ауданның ішкі істер
      басқармасының бастығы                      С. Әбубәкіров

      Қарағанды қаласының
      Октябрь ауданының ішкі істер
      басқармасының бастығы                      Т. Нұрғалиев

      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      департаментінің Қарағанды қаласы
      бойынша филиалының бастығы                 С. Сәтеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады