Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі "Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 110/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 116/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірде N 3067 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі N 245/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi  "Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi әлеуметтiк қолдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы" N 110/3  қаулысына (Павлодар облысының әдiлет департаментiнде 2005 жылғы 8 сәуiрде N 2985 болып тiркелген, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2005 жылғы 26 мамырдағы N 57 санында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      осы қаулымен бекiтiлген Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi туралы Нұсқаулығында:
      1-бөлiм. "Жалпы қағидалар" жаңа редакцияда жазылсын:
      "Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" заңдары негiзiнде әзiрлендi;

      4-тармағының 1)-тармақшасындағы "Мемлекеттiк жәрдемақылар мен басқаның  көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердi күтуге арналған қосымша үстемеақылар" деген сөздер "Қажет етушi мүгедектерге арналған әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4-тармақтың 2)-тармақшасындағы "85000" және "42000" деген сандар "89675" және "44310" деген сандармен ауыстырылсын; 

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп және оқытатын отбасыларға жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығының 
      3 бөлім "Жәрдемақы төлеу тәртiбi" 3-бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Облыс аудандар, қалалар бюджеттерiне жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi жiберетiн мақсатты ағымдағы трансферттер түрiндегi "үйде тәрбиеленiп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн аудандар бюджеттерiне (облыстық маңызы бар қалаларына) мақсатты ағымдағы трансферттер" бағдарламасы бойынша Павлодар облысының бюджетiнiң қаржысы және облыс қалалары мен аудандарының (жанадан тағайындалатын төлемдер бойынша)  бюджет қаржысы алушыға материалдық көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      17. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiнiң қалалар мен аудандар бөлiмдерiмен есептi тоқсаннан  кейiнгi айдың  1-нен кешiктiрмей жiберiлетiн өтiнiмдерi бойынша олардың есептерiне тоқсан сайын  қаражат аударып отырады.
      18. Жәрдемақы төлеудi (өткен тоқсан үшiн) қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тоқсан сайын 6-айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзедi.
      19. Алушылар жалған мәлiметтi ұсынғанның салдарынан артық төленген сомалар кiнәлi адамнан Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте қайтарылып алынады".

      4-бөлiм. "Қортынды қағидалар" жаңа редакцияда жазылсын:
      "20. Ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк қалалық пен аудандық әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жүктеледi.
      21. Облыс қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi әр айдың 3-не қарай облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне үйде тәрбиеленiп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн бөлiнген қаржыны пайдалану туралы есеп бередi.
      22. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi ай сайын әр айдың 5-не қарай облыстық бюджеттен қаржыландыру бойынша төленген сомалар жөнiнде Павлодар облысының қаржы департаментiне есеп бередi".

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады