Павлодар облысы Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округінің Куйбышев ауылының атауын өзгерту туралы.

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихаты мен әкімиятының (III сайланған XX сессия) 2006 жылғы 21 шілдедегі N 81/20 шешімі мен қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 7 тамызда N 3071 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы"  Заңының  25-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" N 281  қаулысына , облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және Куйбышево ауылы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ қабылдады: 
      Ақсу қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округiндегi Куйбышев ауылының атауы Ақжол ауылы болып өзгертiлсiн.
      Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

       Сессия төрағасы Р. Ғафуров

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады