"Павлодар қаласының құрметті азаматы" атағын беру нұсқаулығын бекіту туралы (III сайланған XXII кезекті сессия)

Күшін жойған

Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы N 16/22 шешімі. Павлодар қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 12 сәуірде N 67 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 маусымдағы N 76/15 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 маусымдағы N 76/15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру нұсқаулығы" бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөнiндегi тұрақты комиссияға жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк 10 күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.  

      Сессия төрағасы А. Бахралинов

      Қалалық мәслихаттың төрағасы В. Лебедь

Павлодар қалалық мәслихатының  
2006 жылғы 6 наурыздағы     
"Павлодар қаласының құрметтi   
азаматы" атағын беру нұсқаулығы 
туралы" N 16/22 шешiмiмен бекiтiлдi
(III сайланған ХХII кезектi сессия)

"Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

  1. Жалпы ереже

      1. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы қалалық мәслихаттың шешiмiмен берiледi. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру моралдiк ынталардың ең маңыздысы, Қазақстан Республикасы, облыс және қала алдындағы ерекше еңбегiн қоғамдық мойындаудың көрiнiсi болып табылады, патриоттық функцияны орындауға, сонымен қатар Павлодар қаласының тарихында есiмдердiң сақталуы мақсатында шақырылады.

2. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы"
атағын беру жөнiндегi талаптар

      2. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы өмiрбаяны Павлодар қаласымен байланысты азаматтарға, сонымен қатар оның тұрғындарына:
      1) Ұлы Отан соғысы кезеңiнде батырлық көрсеткен және ерлiк жасағандарға, жоғары мемлекеттiк наградалары барларға, сонымен қатар бейбiтшiлiк кезiнде кәсiпқорлық мiндеттердi немесе азаматтық парызды өтеуде өзiндiк ерлiк көрсеткендерге;
      2) "Халық қаhарманы" айрықша белгiмен және Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапатталғандарға, егемендi Қазақстанның тәуелсiздiгi мен бiртұтастығын сақтауға, қаланың дамуына үлкен үлес қосқандарға, жергiлiктi мемлекеттiк басқару саласында өзiн көрсеткен, мемлекеттiк және саяси қайраткерлерге;
      3) экономиканың қаржылық және өнеркәсiптiк секторының дамуына айтарлықтай әсер еткен инвестицияларды жұмылдырғаны үшiн, Павлодар қаласының әлеуметтiк дамуына, экономикалық өсуiне белсендi себепшi болған алдыңғы қатардағы технологияларды халық шаруашылығының барлық облыстарында енгiзгенi және инновациялық қызметi үшiн;
      4) аймақтағы қоршаған ортаны, қала тұрғындарын сауықтыруға, емдеу-профилактикалық жұмыстарының экономикалық және тиiмдi түрлерiн енгiзгенi үшiн үлес қосқандарға;
      5) ғылым, әдебиет, өнер, қызметтiң басқа салаларында мемлекеттiк сыйлыққа лайықтыларға, көпұлтты Қазақстанның мәдениетi мен салт-дәстүрiн насихаттайтын халық шығармашылық көрмелерiнiң, республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарының дипломанттарына;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа ұрпақтарына азаматтылық, мәдениеттiлiк пен патриоттық сезiмдi тәрбиелеуге, сонымен қатар бiлiм сапасын жоғарлатуға және жетiлдiруге ерекше үлес қосқандарға;
      7) әлем ареналарында отан спортының атағын шығарған республика мен дүниежүзiлiк чемпионаттарға, олимпиадалық ойындардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне берiледi.
      3. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы шетел азаматтарына олардың еңбектерi үшiн алғыс ретiнде берiлуi мүмкiн.
      4. Атақ берiлетiн үмiткерлер басқа қалалардың және облыстық ауылдың елдi мекендерiнiң құрметтi азаматтары болмауы керек.

3. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы"
атағын беру тәртiптерi

      5. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беруге кандидатуралар Павлодар қаласының әкiмiмен ұсынылады.
      6. Ұсынылатын кандидатураларға: ерекше еңбектерi мен марапаттары көрсетiлген өтiнiш, мiнездеме, қызметтiк тiзiм, жариялымдар берiледi.
      7. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағына беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен өтiнiштер қарастырылмайды.
      8. Бiр және сол кандидатқа "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру туралы өтiнiш өкiлдiк органдардың шақырылымы кезеңiнде екi реттен артық енгiзiлмейдi.
      9. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы өшiрiлмеген немесе алынбаған айыбы бар тұлғаға берілуi мүмкiн емес.
      10. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру туралы шешiмнiң қабылдануы мен мәселенiң қаралуы атаққа ұсынылған тұлғаның қатыспауынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
      11. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру туралы шешiм қалалық мәслихат сессиясында жасырын дауыс беру арқылы қатысушыладың көп бөлiгiнiң дауысымен қабылданады.

  4. Қорытынды ережелер

      12. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағына лайық тұлғалардың құқының қамтамасыз ету бойынша шығындарды қаржыландыру қалалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      13. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағына лайық тұлғалар "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" айрықша белгiсiмен марапатталады.
      14. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы куәлiкпен бекiтiледi.
      15. Қаланың құрметтi азаматы куәлiгi мен кеуделiк белгiсi салтанатты түрде және дауысталып Павлодар қаласының әкiмiмен және мәслихат хатшысымен берiледi.
      16. Құрметтi азаматтың есiмi қалалық  мәслихатта сақталатын, Павлодар қаласының құрметтi азаматтары Кiтабына енгiзiледi.
      17. Павлодар қаласының құрметтi азаматының мекен - жайы бойынша немесе жұмыс iстейтiн орны бойынша мемориалдi тақта орнатылуы мүмкiн.
      18. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағынан айыру әкiмнiң ұсынысы бойынша қалалық мәслихаттың шешiмiмен мына жағдайларда:
      1) соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн қылмыс жасағаны үшiн құрметтi атақты иеленушiнi кiнәлағанда;
      2) құрметтi атақты иеленушi үлкен қоғамдық жаңғырысқа әкелген негативтi айыптарды жасағанда жүргiзiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады