ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 11 маусымдағы ХХV сессиясының Алматы қаласы орталық бөлігінде жүк көлігі қозғалысына шек қою туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XХI сессиясының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 232 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2006 жылы 23 наурызда N 700 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 282 шешімімен.

      ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. ІІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 11 маусымдағы ХХV-і сессиясының "Алматы қаласы орталық бөлігінде жүк көлігі қозғалысына шек қою туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2003 жылғы 23 маусымында N 537 санымен тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2003 жылғы 1 шілдедегі және "Вечерний Алматы" газетінің 2003 жылғы 12 шілдедегі сандарында жарияланған, III-сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі ХVІІІ-сессиясының"«Алматы қаласының орталық бөлігінде жүк көлігінің жүруін шектеу туралы" N 182  шешімімен өзгерістер енгізілген, 2005 жылғы 1 қарашада N 676 санымен тіркелген, 2005 жылғы 10 қарашада "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       2-1 тармағындағы "жүк массасы 15 тоннадан асатын"»сөздері "массасы жүгімен қосқанда, жүктемені тарату кезінде бір белдеме үшін 8 тоннадан асатын"»сөздерімен алмастырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
       2. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 23 желтоқсандағы ХХ сессиясының "ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 11 маусымдағы ХХV-і сессиясының"«Алматы қаласының орталық бөлігінде жүк көлігінің жүруін шектеу туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N 213 шешімінің күші жойылсын.
       3. Осы шешімінің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Б. Біртанов) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И.Заяцқа жүктелсін.

      ІІІ сайланған Алматы қаласы
      Мәслихаты ХХІ сессиясының
      төрағасы                               Р.Әбсеметова

      ІІІ сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                   Т.Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады