Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1573 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 732 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 1/149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.03.01 N 1/149 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға уәкілетті болып табылсын.
      3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті:
      уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
      осы мақсатқа әр жылға арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының ішінара төлемін өтсін.
      4. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының ішінара өтемақысының мөлшері ай сайын екі еселенген төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін. Төленетін өтемақы екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 1/44 қаулысымен.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің "2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 29 желтоқсан 2006 жылғы N 5/869 қаулысының күші жойылды деп танылсын (N 691 мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер Реестрінде тіркеліп, 7 ақпан 2006 жылғы "Алматы Ақшамы" газетінде N 14 және 9 ақпан 2006 жылы "Вечерний Алматы" газетінде N 25 жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкімі                     И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы                            К. Тәжиева

Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 30 желтоқсандағы
N 8/1573 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
      2) жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады