Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 83 "Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қорық аймағында су көлігін пайдалану тапсырыстық тәртібімен қоса қорғалу аймағын орнату туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 165 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 10 шілдеде N 2465 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 28.01.2008 № 31 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 83 "Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қорық аймағында су көлігін пайдалану тапсырыстық тәртібімен қоса қорғалу аймағын орнату туралы" қаулысына (Атырау облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 4 мамырда N 1947 тіркелген, 2004 жылғы 3 тамыздағы N 89 "Атырау" және 2004 жылғы 20 мамырдағы N 57 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 14 бабына сөздері Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі N 593 "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 37 бабына" сөздерімен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық
шаруашылығы комитеті төрағасының 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 36-Б "Бір балықшыға және балық аулау құралдарының түрлері бойынша өндірістік ынталандырудың уақытша Нормативтерін бекіту туралы" бұйрығына" деген сөздер алынып тасталсын;
      барлық мәтін бойынша "Балық шаруашылығы басқармасына", "балық
шаруашылығы басқармасы" деген сөздер сәйкесінше "Ауыл шаруашылығы
департаментіне", "Ауыл шаруашылығы департаменті" деген сөздермен
ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын;
      барлық мәтін бойынша "балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу бойынша "Жайық-Каспий облысаралық бассейндік басқармасы" "балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу бойынша "Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік басқармасына", деген сөздер тиісінше "Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін".
      қосымшада:
      Барлық кесте бойынша "балық қорларын қорғау және балық аулауды
реттеу бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік басқармасымен" деген сөздер "Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы
басқармасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 94 "Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 83 "Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қорық аймағында су көлігін пайдалану тапсырыстық тәртібімен қоса қорғалу аймағын орнату туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады