Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қарашадағы N 818 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 20/327-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 21 желтоқсанда N 2436 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы Заңы  6-бабының  1-тармағының 4) тармақшасына,  27-бабының  2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»Қазақстан Республикасы  Заңының  8 және  11-баптарына  сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымындағы N 13-9 және әкімдігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 1198 бірлескен шешімі мен қаулысы, Үржар аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 тамыздағы N 15-122-ІІІ, N 15-123-ІІІ және әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы N 117, N 118 бірлескен шешімдері мен қаулылары негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және   Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты мынадай елді мекендер таратылсын және есепке алу мәліметтерінен шығарылсын:
      1) Бородулиха ауданы бойынша Бакин ауылдық округінің Қазбек ауылы, Ленин ауылдық округінің II Бөлімше ауылы мен Раево ауылы, Новошульба ауылдық округінің Сизиково ауылы, Новодворовка ауылдық округінің Матвеевка ауылы;

      2) Үржар ауданы бойынша Ново-Андреевка ауылдық округінің Афанасьевка ауылы, Салқынбел ауылдық округінің Желдіқара ауылы.
      2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 1 ақпандағы N 16/226-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 385 қаулысы жойылсын.

      3. Осы шешім мен қаулы 2006 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы              Облыс әкімі
      
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады