"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4570 болып енгізілді.

      Ұлттық бірыңғай тестілеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2804 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. N 21-24, 926-құжат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2837 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 21-24, 2004 ж. 928-құжат, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3345 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 9-13, 52-құжат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89  бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4134 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 71-72 (1051-1052) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

      3-тармақта:
      "қабылдау" деген сөз "түсу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1. ҰБТ-ы тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің базасында өткізіледі (бұдан әрі - ҰБТ ӨП).";

      5-тармақта:
      "тіркеу тізілімінде N 3298" деген сөздердегі "3298" деген сандар "4394" деген сандармен ауыстырылсын;
      "министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953" деген сөздер "министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "МК құрамының саны тақ болуы және 11 адамнан аспауы керек.";

      9-тармақта:
      4) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақшадағы "жағдай жасайды" деген сөздерден кейін " және тестілеу технологиясының сақталуын қамтамасыз етеді;" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақта:
      "күші бар" деген сөз "заңды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13-тармақта:
      "білім беру ұйымдарының" деген сөздерден кейін "қазақ және орыс тілдерінде білім алған" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ҰБТ-ы төрт пән бойынша өткізіледі: үшеуі міндетті - қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандыққа байланысты Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес таңдау бойынша пәндердің біреуі.";
      екінші абзацта "Шығармашылық" деген сөз "Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай бітірушілерге" деген сөздерден кейін "арнайы немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта:
      "30" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;

      30-тармақта:
      "Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін." деген екінші абзацтағы сөйлем "Сертификаттың, оны берген күннен бастап бір жыл бойы күші бар." деген сөйлеммен ауыстырылсын.

      2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Т.Балықбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қ.Айтбайға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады