"Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 cәуірдегі N 105 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4613 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.10.18 № 464 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі  N 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3772 нөмірлі болып тіркелген, Заң газетінде 2004 жылғы 7 қазанда N 185-156 (919-920) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:
      "3. Мемлекет сыйлығын төлеу:
      1) шарттық соманы төлеген кезде;
      2) салымшы салымды бес жылдан астам жинақтаған кезде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекет сыйлығы тұрғын үй қарызын алуға өтініш берген сәтке дейін есептеледі.";

      7-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Салым бойынша тиесілі мемлекет сыйлығы сомасының түпкілікті есебіне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын есепті жылы жүйелі түрде (қаржы жылының ішінде үш және бірнеше рет ретті түрде) бұзған салымшы енгізілмейді.";

      17-тармақ 6) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекет сыйлығын қайтару салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзу орын алған тек сол қаржы жылы үшін жүзеге асырылады. Салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуына байланысты ағымдағы жылы мемлекет сыйлығының бюджетке қайтарылған салым сомасы келесі жылы мемлекет сыйлығы бар болған кезде есепке алынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М.Шәженова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімен қалдырамын.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады