Азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған қауiптi заттар мен нәрселердiң, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 12 ақпандағы N 17 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4620 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 маусымдағы N 723 қаулысымен бекітілген Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесінің 2 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған қауiптi заттар мен нәрселердiң, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тiзбесi бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға міндетін атқарушы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      төрағасының орынбасары

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кедендік бақылау 
      комитетінің төрағасы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Есірткі бизнесіне қарсы
      күрес және есірткі айналымын
      бақылау комитетінің төрағасы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Әкімшілік полиция
      комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрлігінің Азаматтық  
авиация комитеті төрағасының 
2007 жылғы»12»ақпандағы   
N 17 бұйрығымен бекітілген  

Азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға
тыйым салынған қауiптi заттар мен нәрселердiң,
сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тiзбесi

      1. Азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған қауiптi заттар мен нәрселердiң, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тiзбесi нұсқаулық материал ретінде, тасымалдау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ұшу немесе мүлік қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қауіпті заттар мен нәрселерді, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін азаматтық әуе кемелерінің бортына алып кіруді болдырмау мақсатында пайдалану үшін арналған.

      2. Қол жүгінде және теңдеме жүкте тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер:
      1) оқатар қарудың (қол жауынгерлік атыс, азаматтық және қызметтік) барлық түрлері, электрлік энергия, радиоактивті сәулелену және биологиялық факторларды пайдалану әрекет негізі болатын қарулар, лақтыратын, электрлік, механикалық қару, сонымен қатар ойықты ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз, газдық оқатар қару, дыбыссыз, белгі беруші және жаттығу қару, оқатар қарудың бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғыларды және көздеуішті қоспағанда), өзге де нәрселерді елестетін нысаны бар қарулар, сондай-ақ бекітуге арналған өндірістік тапаншалар, садақтар, арбалеттер, гарпундық мылтықтар және су астында аулауға арналған мылтықтар, оқатар қару түріндегі оттықтар, белгі беруші ракетницалар, сөрелік тапаншалар, уақытша жансыздандыру, естен тандыру және электрмен соғу әрекеті бар құрылғылар, керме ағаштар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендерді елестететін барлық көшірмелер және нәрселер (сонымен қатар ойыншық түріндегі);
      2) тікенекті және кесуші қару, соққы-бытырату әрекеті бар нәрселер және ұшталған нәрселер, сондай-ақ оларды елестететін нәрселер: қылыштар, үлкен ауыр пышақтар, ятагандар, палаштар, семсерлер, мачетелер, сапылар, сүңгілер, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзді қарулар және пышақтың кез келген түрлері - сонымен қатар техникалық және шаруашылық-тұрмыстық, балталар, жебе және жебе түрді тиетін элементтер,   сонымен қатар лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, ұшталған металл ұштары бар сүйенетін таяқшалар, конькилер, пышақтар, скальпельдер, қауіпті ұстаралар, жүзінің ұзындығы 3 см артық қайшылар (басы өтпейтін немесе домалақталған, жүзінің ұзындығы 3 см кем қайшылар тасымалдауға жіберіледі), шаңғы таяқтары және жүруге/жаяу туризмге арналған таяқтар, өзге де тұрмысқа және өндіріске тағайындалған тікенекті және кесетін нәрселер, сонымен қатар кез келген материалдан жасалған, әлеуетті қару ретінде пайдалануға төзімділігі жеткілікті нәрселер, сондай-ақ оларды елестететін көшірмелер және нәрселер (сонымен қатар ойыншық түріндегі). Жолаушыларға және экипаж мүшелеріне шабуыл жасауда пайдаланылуы мүмкін нәрселер, сонымен қатар: тікенекті немесе кесетін нәрсе ретінде пайдаланылуы мүмкін бәрбілер және бұрғылар, араның барлық түрлері, бұрауыштар, монтировкалар, балғалар, атауыздар, сомын/иінтірек кілттері, дәнекерлегіш құрылғылар сияқты слесарлық - жонғыштық және жұмыс құралдары;
      3) оқатар және газдық қаруларға оқ-дәрілер, сонымен қатар соғыс оқтары, жарық дыбыстық, жарақаттық әрекеті бар, жалған, жарақталған аңшы оқтары;
       1)-3)-тармақшаларына ескертпе :
      - мемлекеттік органдардың жеке дәрежедегі қызметкерлердің қаруды және оқ-дәрілерді, сондай-ақ өзге тұлғалардың азаматтық, спорттық, аңшылық қаруларды (жолаушы әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған газдық қаруларға оқ-дәрілерді қоспағанда)  тасымалдауы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 12 қарашадағы  N 523 қбпү бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2616 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік Нұсқаулық-бағдарламасында және "Қарудың жеке түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы  N 1176 қаулысында қарастырылған;
      - Қазақстан Республикасында еркін айналымдағы жоғарыда көрсетілген нәрселер жолаушы салонынан оқшауланған теңдеме жүктік бөліктері бар әуе кемесінде жолаушының тіркелген теңдеме жүгінде тасымалданады.
      4) жарғыш және өзге де өлтіретін құрылғылар, құрамында жарылғыш заттар мен нәрселер бар, сонымен қатар:
      дәрілердің барлық түрлері, саны мен орамасынан тәуелсіз;
      гранаталар, миналар және жарақтардың барлық түрлері;
      аңшы капсюльдері (пистондары) және тұтандырғыш капсюльдер;
      пиротехникалық құралдар, сонымен қатар жарық бергіш ракеталардың кез келген түрін, петардаларды, бенгальдық оттарды, хлопушкаларды және ойыншық тапаншаларға арналған пистондарды, орнатылатын шашкаларды, түтінді оқтарды (шашкаларды) қосқанда;
      динамит, тол, аммонал, тротил және өзге де жарылғыш заттар;
      капсюльдер, тұтандырғыштар, электр тұтанғыштары, тұтандыратын электртұтанғыштар және от өткізуші баулар;
      5) радиоактивті заттар;
      6) есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың барлық түрі;
      6) тармақшаға ескертпе:
      есірткі, психотроптық заттар және прекурсорларды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
      7) қысылған және сұйықтатылған газдар, сонымен қатар тұрмыста қолданылатын газдар, аэрокірнелердің барлық түрлері:
      медициналық мақсатта пайдаланылатын, жолаушының денсаулығын қолдау үшін қажетті көлем шегіндегі оттегісі бар аэрокірнелер және баллондар, жасанды қол-аяқтарды (протездерді) әрекетке келтіруге арналған қос тотықтар көміртегі бар баллондар - дәрі препараттарын;
      өздігінен үрленетін құтқару кеудешелеріне арналған қос тотықтар көміртегі бар баллондарды қоспағанда;
      8) жеңіл тұтанатын сұйықтықтар мен нәрселер, сонымен қатар ацетон, бензин, мұнай өнімдерінің сынамалары, метанол, метил эфирі, тежегіш сұйықтықтары, күкірткөміртек, эфирлер және өзге де жеңіл тұтанатын сұйықтықтар, сонымен қатар көлемі бойынша 70 пайыздан артық алькоголь (күштілігі 140 пайыз) құрамды алькогольді сусындар;
      9) тұтанатын қатты нәрселер - оларға су тию әрекетінен жылу және жанар газдар шығатын, өздігінен тұтану және өртенуі мүмкін нәрселер:
      калий, натрий, металл кальциі және олардың құймасы;
      ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты нәрселер дәрежесіне жататын өзге де нәрселер;
      органикалық перикись;
      коллоидті нитроцеллюлоза;
      10) улы және уландыратын нәрселер:
      кез келген улы, қатты әрекет ететін және уландыратын сұйық немесе қатты жағдайдағы нәрселер, кез келген ыдыстағы: бруцин, никотин, стрихинин, тетрагидрофурфурилді спирт, антифриз, этиленгликоль, сынап, синильді қышқылдың барлық тұздары және циании препараттары, құйындатқыш, цианплав, күшәнді ангидрид және өзге де қатты әрекет ететін улы және уландыратын нәрселер;
      11) жұқпалы және биологиялық қауіпті материалдар, олардан тұратын нәрселер және заттар;
      12) күйдіргіш және тот бастыратын нәрселер:
      органикалық емес қышқылдар, сонымен қатар тұзды, күкіртті, азотты және өзге де қышқылдар;
      фторлы-сутегі (плавиковая) қышқылы және өзге де күшті қышқылдар және тот бастыратын нәрселер;
      13) өтпейтін ұштары бар нәрселер: бейсбол, софтбол, крокет, поло ойындарына арналған соғу таяқтары, бильярд, снукер және пул ойындарына арналған киилер; тоқпақтардың (қатты және иілгіш) барлық түрлері және қол шайқас құралдары; аулар, гольф ойынына және өзге де спорттық ойындарға арналған имек таяқтар; ескектер, сонымен қатар байдаркаларға және каноэға, скейтбордтарға арналған;
      13) тармақшасына ескертпе:
      оларды жолаушы салонынан оқшауланған теңдеме жүктік бөліктері бар әуе кемелерінде жолаушылардың теңдеме жүгінде тасымалдау рұқсат етіледі.

      3. Құрғақ мұзды, жүрек бұлшық еттерін ширататын немесе адам ағзасында бар радиоактивті изотоптар және радиоактивті фармацевтикалық препараттар негізіндегі өзге де құрылғыларды; ауруларды тасымалдауға арналған итергіш-орындықтарды немесе аккумуляторлы батареялар бар өзге де қозғалмалы құралдарды; газ және оларды үстіне толтыруға арналған газды элементтері бар шаш бұйралайтын ұстағыштарды; сынапты барометрларды немесе термометрларды, медициналық немесе клиникалық термометрларды тасымалдау "Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылыққа" ИКАО, 2002 жылғы 6-басылымына "Қауіпті жүктер" 24-қосымшасына "А" Қосымшасымен анықталатын шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Зауыттық орамасы, тиісті техникалық төлқұжаты және сертификаты жоқ белгісіз құрамдағы нәрселер және сұйықтықтар тасымалдауға жіберілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады