Байланыс формасы

Көтермелеудің салалық жүйесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4651 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2013 № 229 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекiтiлсiн.

      2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Министр

Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің   
2007 жылғы 11 сәуірдегі   
N 111 бұйрығымен бекітілген 

      Ескерту. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.04.09 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2013 № 229 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
      3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында "Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін" құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.

2. Құрмет дипломымен марапаттау шарттары

      4. Құрмет дипломымен мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқан және қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған мәдениет жүйесінің қызметкерлері марапатталады, Құрмет дипломымен осы салада үш жылдан аса еңбек өтілі бар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады.
      5. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.

3. Материалдарды ұсыну және қарау тәртібі

      6. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін Құрмет дипломымен марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме (аты-жөні, тегі, білімі, еңбек өтілі, жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет) ұсынылады, оған кандидатты ұсынған мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қол қояды.
      7. Құрмет дипломымен марапаттау мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне орай өткізіледі.
      8. Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.
      9. Құрмет дипломымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

4. Қорытынды ережелер

      10. Құрмет дипломын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік органдардың немесе басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.

Көтермелеудің салалық жүйесіне
қосымша          

нысан

Герб

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН
ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛАДЫ

Министр

Астана
20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады