Байланыс формасы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 165-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4886 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 21.12.2015 № 982 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16, 125 баптарына сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және жұмыстардың белгілі түрлерінің күрделілігін белгілеу мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесі бекітілсін.

      2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3.»"Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 173-б бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 14 шілдесінде N 3732 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек   
және халықты әлеуметтік қорғау  
министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі
N 165-Ө бұйрығымен бекітілген 

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16, 125-баптарына сәйкес әзірленді және Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін белгілейді.

      2. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын ұйымдар экономикалық қызмет түрлеріне және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан қолданады және олар белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігін белгілеу, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу және тарифтік-біліктілік сипаттамаларға сәйкес біліктілік разрядтарын беру, жұмысшылар кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының атауларын дұрыс анықтау үшін арналған.

      3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      сынақтау - практикада, нақты жағдайларда жобаланудағы жұмыстар (түрлері) құрамының, білім деңгейінің және арнаулы даярлықтың іс жүзінде орындалатын жұмыстар құрамына және біліктілік деңгейіне сәйкестігін тексеру;
      лауазым - жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
      лауазымдық нұсқаулық - ұйымда белгілі бір лауазымды атқаратын қызметкердің орындауға тиіс өкілеттіктерінің, міндеттерінің, жұмыстарының шеңберін көрсететін нұсқаулық;
      біліктілік категория - қызметкердің атқаратын жұмыстарының күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі;
      біліктілік разряды - жұмысшының атқаратын жұмыстарының күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі;
      біліктілік талаптары - жүктелген міндеттерді атқару үшін қажетті оның кәсіптік даярлығының деңгейі мен бейінін, мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу мақсатында қызметкерге қойылатын талаптар;
      кәсіп - белгілі бір дайындықты талап ететіні және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын адамның кәсібінің, еңбек қызметінің түрі;
      жұмыстар разряды - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының басылымдарында болатын жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары негізінде, атқарылатын жұмыстың мазмұнын тиісті жұмыстармен - біліктілік сипаттамаларында суреттелген ұқсас жұмыстармен, ал қажет болған жағдайда жұмыс беруші қосымша әзірленген жұмыстар үлгілерінің тізбесімен салыстыру (теңестіру) арқылы белгіленетін жұмыстар күрделілігінің деңгейі;
      еңбектің күрделілігі - еңбек процесін қызметкерлердің жұмысты атқару үшін қажетті біліктілігіне тиісті талаптар қойылуын белгілейтін мазмұны (атқарылатын функциялары) жағынан объективті сипаттау; білікті еңбектің айрықшалау белгісі, оның мәні; творчестволық элементтердің, жоғары жауапкершілік пен жұмыста басшылық функциясының болуымен анықталады. Біліктілік разрядтары, санаттар жұмыстың күрделілігі мен қызметкердің біліктілік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады.
      еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеудің, еңбекті қорғаудың және нормалаудың шарттары, жұмыс режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарудың мүмкіндігі мен тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша жеке еңбек және ұжымдық шарттардың өзге де жағдайлары;
      уәкілетті орган - тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары: министрлігі, агенттігі, комитеті.

  2. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және қолдану

      4. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер ынтымақтастығы шеңберінде Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңестің шешімдері негізінде, сондай-ақ ғылыми ұйымдармен әзірленеді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.
      Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары ұйымдармен, мемлекеттік органдармен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының басылымдарына енгізілмеген жұмысшылар кәсіптеріне әзірленеді, оларды уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      5. Жұмысшылардың жаңа кәсіптері пайда болуына қарай Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына еңбек жөніндегі уәкілетті орган өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады.

      6. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшылардың кәсіптері мен жұмыстарының, өндірістер мен жұмыстардың түрлері бойынша тарауларға топтастырылған тарифтік-біліктілік сипаттамалары бар. Тектес өндірістер мен жұмыс түрлері бойынша тараулар, (экономикалық қызмет түрлеріне жатқызу белгісі бойынша) оларға берілген нөмірлермен анықтаманың жеке басылымдарына біріктіріледі.
      Атқарылатын жұмыстардың разрядын анықтау тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшылар кәсіптері бойынша келтірілген жұмыстар мазмұнының сипатталуына сәйкес олардың күрделілігіне қарай жүргізіледі Жұмысшыларға біліктілік санаттарын беру жұмысшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын тарифтік-біліктілік сипаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы басылымдарының құрылымы бірыңғай және онда: анықтаманың осы немесе өзге басылымында жұмыстар мен өндірістердің қандай түрлері қамтылғаны, оны қай ұйымның әзірлегені, жалпы сипаттағы басқа да мәліметтер: жұмысшылар кәсіптерінің санаттар бойынша тарифтік-біліктілік сипаттары; кәсіптердің алфавиттік сілтемесі мен өзгертілген кәсіптер атауларының тізбесі, анықтаманың бұрынғы қолданыста болған басылымдары бойынша олардың атаулары көрсетілген кіріспе болады.

      8. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығындағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары қалыптасқан еңбек бөлінісіне, техникаға, технологияға қол жеткізу деңгейіне және еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға орай 1-ден бастап 8 разряд бойынша диапазондағы жұмыс күрделілігі бойынша әзірленді және топтастырылды. Экономикалық қызмет түрлерінің барлық бөлігіндегі жұмыстың негізгі көлемі бірінші алты разрядқа, ал жетінші және сегізінші разрядқа жоғары күрделі жекелеген жұмыстар жатады.

      9. Анықтамалықта келтірілген жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары разрядтар бойынша, әдетте, үш тараудан: "Жұмыстардың сипаттамасы", "Білуге тиіс", "Жұмыс үлгілері" тарауларынан тұрады.
      "Жұмыстардың сипаттамасы" тарауында жұмысшы атқара алуға тиісті осы кәсібі мен осы разряды үшін барынша типті негізгі жұмыстың суреттемесі болады. Бұл жұмыстардың суреттемесі еңбек процесін түзетін: технологиялық процесті тікелей жүргізуге дайындық операцияларын, жабдықты күту және жұмыс орнын ұстау жөніндегі жұмысшының технологиялық процесті тікелей жүргізу жөніндегі әрекеттерін, олардың параметрлерін, сатылары мен қысқаша техникалық сипаттамалары көрсетіле отырып жұмысшы атқаратын еңбек функциялары тарауында беріледі.
      "Білуге тиіс" тарауында "Жұмыстардың сипаттамасы" тарауында көрсетілген жұмыстарды сапалы атқару үшін қажетті, яғни еңбек құралдарының, еңбек жабдықтарының технологиялық және сындарлы ерекшеліктерін, технологиялық процестің реті мен сатыларын, техникалық және технологиялық құжаттаманы білу секілді, жұмысшы біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ атқарылатын жұмыстың айрықшалығы мен күрделілігінен туындайтын арнаулы білім талаптары баяндалады. Аса күрделі, алтыншы және одан да жоғары разрядтарға сәйкес келетін жұмыстарды атқарушы жұмысшылардың жекелеген кәсіптері бойынша "Білуге тиіс" тарауында кәсіптік білім деңгейіне қойылатын орта кәсіптік білімнің міндеттілігі түріндегі талаптар келтірілген. Жұмысшылардың кәсіптік даярлығы мен кәсіби біліміне қойылатын нақты талаптар разрядтар беру кезінде белгіленуі мүмкін.
      "Жұмыс үлгілері" тарауында осы кәсіп пен жұмыстардың разрядына анағұрлым үйлесімді жұмыстардың тізбесі келтіріледі. "Жұмыстардың сипаттамасы" тарауында атқарылатын жұмыстардың суреттемесі жеткілікті түрде толық берілген жағдайларда, біліктілік сипаттамаларында "Жұмыс үлгілері" тараулары келтірілмейді.

      10. Жұмысшылардың нақты кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары, біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшының оған берілген разрядтың біліктілік сипаттамаларында көрсетілген жұмыстардың басқа, осы кәсіптің бұдан біліктілігі төмендеу жұмысшылардың тарифтік - біліктілік сипаттамаларында көзделген жұмыстарды атқаруы үшін қажетті білімі, машығы мен іскерлігі болуы ескеріле отырып әзірленген.
      Жекелеген кәсіптердің төменгі разрядтағы жұмыстарының сипаттамаларында, технологиялық процесті жүргізу немесе жекелеген жұмыстарды атқару анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен жүргізілетіні бар. Мұндай жағдайларда анағұрлым жоғары разряды бар жұмысшы осы кәсіптегі разряды анағұрлым төмен технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыра білуі тиіс.

      11. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында келтірілген тарифтік-біліктілік сипаттамаларында негізгі, жұмысшылар кәсіптері бойынша неғұрлым типті жұмыстардың суреттемесі болады. Осыған байланысты бұл сипаттамалар технологиялық карталармен, жұмысшы нұсқаулықтарымен немесе жұмыстың әрбір жұмыс орнындағы орындалуының нақты мазмұны, ауысымды қабылдау және тапсырумен, жабдықтарды, құралдарды, құрылғыларды жұмысқа уақытында даярлау және оларды тиісінше ұстаумен, белгіленген құжаттаманы жүргізумен, өзінің жұмыс орнын жинаумен байланысты жұмыстарды қоса, көлемі мен тәртібі баяндалатын басқа да құжаттармен жұмыс беруші толықтыра алады.

      12. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының бірқатар тарауларының әрбір кәсіп пен разрядтың тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыс үлгілері осы кәсіп пен және осы разряд жұмысшысы өндірістің нақты жағдайларында атқара алатын және атқаруы тиіс жұмыстарды толық қамтый алмайды. Сондықтан, жұмыс беруші қажет болған жағдайларда өндіріс айрықшалылығын ескере отырып, атқару күрделілігі бойынша осыған ұқсас разряд жұмысшыларының тарифтік - біліктілік сипаттамаларында болатын жұмыстарға сәйкес жұмыстардың қосымша тізбелерін әзірлейді. Жұмыстардың қосымша түрлері жеке еңбек шартын жасасу кезінде келісілуі мүмкін.

      13. Жұмысшылардың жекелеген кәсіптік топтары мен кәсіптеріне, олардың еңбек айырықшылылығына қарай, ерекше талаптар қойылады.
      Машиналар мен механизмдерді басқарумен және оларға қызмет көрсетумен тікелей айналысатын жұмысшылар, мысалы, машинистер, мотористер, жүргізушілер, тракторшылар, реттеушілер, краншылар, электр монтерлері, жөндеушілер, монтажшылар, машинада істейтін құюшылар, аппаратшылар және тағы басқалары атқарылатын жұмыс жағдайлары бойынша жұмыс процесінде болатын жабдықтардың, машиналардың және механизмдердің ағымдық сипаттағы ақауларын өздігінен жөндеуі және оларды жөндеуге қатыса алуы үшін жеткілікті көлемде слесарлық істі меңгерген болуы тиіс.
      Көлік қозғалысымен, жарылыс жұмыстарымен, жарылыс материалдарын және улы заттарды қолданумен, көтеру-көлік жабдықтарына, қазандық қондырғыларына, қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен ыдыстарға қызмет көрсетумен байланысты немесе қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарда атқарылуына ерекше талаптар көзделген басқа да жұмыстарда істейтін жұмысшылар бұл ережелер мен нұсқаулықтарды білуге және сақтауға тиіс және қажет болған жағдайларда өздерінің тиісті даярлықтан өткендері туралы құжаттары болуы керек.

      14. Біліктілік сипаттамаларындағы кәсіптер мен разрядтар бойынша жұмысшылардың теориялық және практикалық білімдеріне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшылар жұмысты атқару кезінде еңбекті ұйымдастыруға, атқарылатын жұмыстың сапасына қойылатын талаптарды, сондай-ақ еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелерін сақтайды.

      15. Жабдықтар іске толық қосылған кездегі жұмыс разрядтарын белгілеу Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының әр басылымындағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары негізінде, атқарылатын жұмыстың мазмұнын тарифтік - біліктілік сипаттамаларда суреттелген ұқсас жұмыстармен ал қажет болған жағдайда жұмыс беруші қосымша әзірлеген жұмыс үлгілерінің тізбелерімен салыстыру (теңестіру) арқылы жүргізіледі.
      Өнімділігі тиісті кәсіптің тарифтік - біліктілік сипаттамаларында көзделген және жұмыс разрядтарымен (мысалы, машинистердің, операторлардың және басқалардың) байланыстырылған жабдықтар толық емес көлемде қосылған кезде жұмыстардың разряды жабдықтың паспорттық өнімділігі бойынша белгіленеді.

      16. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын жұмыс берушілер жұмысшыға, жұмысшының кәсіптік даярлығының немесе кәсіптік білімінің деңгейімен, оның дербес атқаратын жұмысының күрделілігімен байланысты біліктілік разрядын беру немесе оны көтеру туралы мәселені шешкен кезде қолданады.
      Бұл ретте, жекелеген жағдайларда Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес орта кәсіптік білім талап етілетін кәсіптер бойынша жоғары біліктілік рязрядтары мұндай білімі жоқ, бірақ талап етілетін білім деңгейі мен жоғары кәсіптік шеберлігі бар жұмысшыларға берілуі мүмкін.
      Жаңа Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы немесе өндірістің тиісті айрықшалығына сәйкес қолданылып жүрген анықтамалықтың жаңа тараулары енгізілген, өндіріс бейіні өзгерген, жаңа технологияларға көшкен, өндіріс жаңғыртылған кезде жұмысшылар мен жұмыстардың разрядтарын қайта қарауды жүзеге асыру үшін жаңа Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының өндіріс айрықшалығына сәйкес келетін тарифтік-біліктілік сипаттамалары пайдаланылады.

      17. Барлық құжаттардағы жұмыс туралы жазулар тек қана Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының басылымдарымен қабылданған кәсіптер атауларына және жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына толық сәйкестікте жазылуға тиіс.

      18. Жаңадан пайда болған кәсіптер бойынша жұмысшылардың біліктілік разрядтарын беру, олар белгіленген тәртіппен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына енгізілгенге дейін, қолданылып жүрген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында бар ұқсас кәсіптер мен жұмыстардың атаулары мен біліктілік сипаттамаларына қатысты жүргізіледі. Бұл ретте ұйымдар, уәкілетті органдар белгіленген тәртіппен жаңа жұмысшылар кәсіптерінің сипаттамаларын әзірлеуге және бекітуге тиіс. 

  3. Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын
әзірлеу және қолдану

      19. Экономикалық қызметтің кез келген түрлері үшін ортақ болып табылатын Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бұйрығымен бекітеді.

      20. Тиісті экономикалық қызметтегі Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын немесе экономикалық қызметтің түрлі ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

      21. Қызметшілердің жаңа кәсіптері мен лауазымдарының пайда болуына қарай Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, экономикалық қызметтің түрлі ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады.

      22. Экономикалық қызметтің кез келген түрлері үшін ортақ болып келетін Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде экономикалық қызметтің кез келген түрлері үшін жалпы және ұйымдарда кеңінен қолданылатын басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары беріледі. Екінші бөлімде ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдарында, сондай-ақ редакциялық-баспа ұйымдар мен бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бар.

      23. Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы басшылар, мамандар және жұмыс беруші қызметшілерінің біліктілік сипаттамаларын қамтиды және қызметкерлердің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілік шараларын белгілейтін лауазымдық нұсқауларды әзірлеу үшін, жұмыс берушінің басқару жүйесінде, кадрларды іріктеу және орындарын ауыстыру кезінде, ұтымды орналасуын және олардың мамандығы мен біліктілігіне қарай тиімді пайдалануын бағалау кезінде, сондай-ақ басшылар мен мамандарды аттестациялау кезінде олардың рөлі мен орнын айқындайтын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді жасау үшін негіз ретінде пайдаланылады.

      24. Әрбір лауазымның біліктілік сипаттамасы үш бөлімнен тұрады. "Лауазымдық міндеттері" деген бөлімде осы лауазымды атқарып отырған қызметкерге, қызметкерлерді оңтайлы мамандандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін, жұмыстардың технологиялық ұқсастығы мен өзара байланысты болуын ескере отырып, толық немесе ішінара тапсыруға болатын еңбек функциялары аталады.
      "Білуге тиісті" деген бөлімде қызметкерге арнайы біліміне, сондай-ақ заң және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқауларды және қызметкер лауазымдық міндеттерін орындаған кезінде қолдануға тиісті басқа да материалдары, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын талаптар көрсетіледі.
      "Біліктілігіне қойылатын талаптар" деген бөлімде қызметкердің жұмыс стажына байланысты көзделген міндеттерді және қойылатын талаптарды орындауға қажетті кәсіби даярлық деңгейі белгіленеді.

      25. Лауазымдардың біліктілік сипаттамаларында негізгі, кеңінен тараған жұмыстардың тізбесі келтірілген. Қызметкердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесі жұмыс беруші әзірлейтін және бекітетін лауазымдық нұсқаулықта белгіленеді.

  4. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қайта қарау және сынақтау

      26. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының жобасы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган тиісті қызмет салаларының уәкілетті органдарына сынақтау және тиісті қорытынды жасауға жолдайды.
      Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын сынақтауды атқарылатын жұмыстардың разрядын анықтау тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшылар кәсіптері бойынша келтірілген жұмыстар мазмұнының сипатталуына сәйкес олардың күрделілігіне қарай және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру - жұмысшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын тарифтік-біліктілік сипаттама талаптарына сәйкес тиісті қызмет салалары ұйымдары мен уәкілетті органдары жүргізеді.

      27. Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша лауазымның атауы, лауазымдық міндеттердің құрамы, біліктілікке қойылатын талаптар өзгерген жағдайда қайта қарайды.

      28. Біліктілік сипаттамаларын сынақтауды тиісті қызмет салалары ұйымдары мен уәкілетті органдары тиісті қызмет салалары ұйымдарының біліктілік сипаттамалармен белгіленген лауазымдық міндеттер құрамының және біліктілікке қойылатын талаптардың сәйкестігін анықтау үшін жүргізеді. 

  5. Қорытынды ережелер

      29. Еңбек жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылатын материалдар екі данада рәсімделіп, кітапшалануы, нөмірленуі тиіс, олардың тақырыптамасы, келісілуінің және бекітілуінің тиісті грифтері бар титулды парағы болуы керек. Материалдардың әрбір парағына Субъект басшысы немесе Субъект басшысының бағыттаушы орынбасары қол қояды.

      30. Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарау және келісу қорытындылары бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органға төмендегідей жауаптардың бірін жолдайды:
      ескертпелер мен ұсыныстар болмаған жағдайда, анықтамалықтар мен сипаттамалардың жобалары белгіленген тәртіппен уәкілетті органға бекітілуге жолданады;
      уәждемеленген қорытынды қоса беріліп, жобаларды келісуден бас тартылды;
      Осы Ереженің бүкіл талаптары орындалғанда, оларды бекіту рәсімінен кейін Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын мақұлдайды.

      31. Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілгеннен кейін уәкілетті орган осы Ереженің 29-бабына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органға материалдарды 30 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электронды жеткізушілерде табыс етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады