Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 238 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4978 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы  N 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 905-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 396 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3416 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін біріктіру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 278 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3854 тіркелген), Агенттік Басқармасының«"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының" "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы  N 45 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4612 тіркелген) және Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4828 тіркелген) енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-1-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы, қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына жіберсін.
      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      4) Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңірлік
      қаржы орталығының қызметін
      реттеу агенттігі
      12 қазан 2007 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады