"Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелерді, қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жыл 12 қарашадағы N 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл 1 желтоқсандағы N 1043 ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жыл 8 желтоқсандағы N 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы N 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жыл 2 желтоқсандағы N 429, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жыл 28 желтоқсандағы N 111 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2007 жылғы»28 қыркүйектегі N 138, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 2 қазандағы N 41, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 12 қазандағы N 179, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасының 2007 жылғы»25 қыркүйектегі N 548-П, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 390, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы»9 қазандағы N 344, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 278 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 13 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4997 болып енгізілді

      Қазақстан нарығында контрафактілі өнімдердің қайта айналымына жол бермеу мақсатында,  БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жыл 12 қарашадағы N 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл 1 желтоқсандағы N 1043 ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жыл 8 желтоқсандағы N 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы N 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жыл 2 желтоқсандағы N 429, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жыл 28 желтоқсандағы N 111 бірлескен  бұйрығымен  бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жыл 30 желтоқсандағы N 658 болып тіркелген "Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелерді, қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды алу, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы"  Нұсқаулыққа  мынадай толықтырулар енгізілсін:

      75-1 тармақпен толықтырылсын:
      "75-1. Контрафактілі өнімдерді жоюды әділет органдары қызметкерінің қатысуымен сот орындаушысы термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету жолымен жүргізеді. Жою тәсілін денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау органдарының келісімімен сот орындаушысы белгілейді.
      Жою туралы акті іске тіркеледі.".

      2. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Экономикалық қылмысқа             Бас прокуроры
      және сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы күрес агенттігінің
      (қаржы полициясы)
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің    Жоғарғы соты жанындағы
      Төрағасы                          Сот әкімшілігі жөніндегі
                                        комитетінің
                                        Төрағасы

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі               Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады