Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5025 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 21 қарашадағы  
N 565 бұйрығымен бекітілген

Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптар

      Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Куәліктерді, аттестаттарды, кәсіптік даярлау туралы куәліктерді, дипломдарды және олардың қосымшаларын оқу орны каллиграфиялық жазумен (қара тушьпен немесе қара түсті шарлы қаламмен) немесе баспа жабдығының көмегімен толтырады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Куәліктердің, аттестаттардың, кәсіптік даярлау туралы куәліктердің, дипломдардың бланкілері (бұдан әрі - бланкілер) және олардың қосымшалары қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Бланкілер мынадай үлгіде толтырылады:
      1) оқуды аяқтаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке тұлғаны қуәландыратын құжаттағы (немесе оның орнына жүретін құжаттағы) жазуға сәйкес (барыс септігінде).
      2) шетелдік азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) орыс тілді транскрипциядағы ұлттық төлқұжатының деректері бойынша жазылады. Транскрипция оқу орнын аяқтаған адаммен келісілуі тиіс.
      3) «Білім беру ұйымының толық атауы» деген жолда оқу орнының ресми атауы көрсетіледі (табыс септігінде).
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша беттері мен қосымшаларының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы нөмірленуіне ұқсастық бойынша).
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Оқу орындары жыл сайын 1 қазанға дейін білім беру саласындағы орталық атқарушы органға бланкілердің қажетті санына өтінім ұсынады.

      6. Бланкінің төменгі бөлігінде білім беру ұйымы орналасқан қала, ауыл, аудан, облыс, бланкіні беру мерзімі: күні (санмен), айы (жазбаша) және жылы (төрт таңбалы санмен), берілетін бланкілерді тіркеу кітабы бойынша бланкінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      7. Бланкінің оң жағының екінші жағы оны басқа елге әкеткен жағдайда бланкіні заңдастыруға байланысты тиісті органның апостилі мен белгісін қоюға арналған.

      8. Бланкіні толтырғаннан кейін оған енгізілген жазудың нақты және қатесіздігіне мұқият тексеру жүргізілуі тиіс. Қатемен жазылған құжат жарамсыз болып саналады.

      9. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Куәліктерге, аттестаттарға қосымша бланкілер мынадай үлгіде толтырылады:
      1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық атау септігінде көрсетіледі.
      2) Пәндер бойынша бағалар санмен, ал жақшада жазбаша қойылады.
      3) Денсаулық жағдайына байланысты дене тәрбиесі және технологиядан босатылған 9, 11 (12) сыныптарда білім алушыларға "босатылған" деп жазылады.
      4) "ана тілі", "әдебиет" бағандары ұлттық тілде оқытатын мектептерде (қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептерден басқа) толтырылады.
      5) "бейнелеу өнерінен" және "музыкадан" деген жолдар 6-сыныптағы жылдық баға бойынша толтырылады.
      6) "Қолданбалы курстар" немесе "таңдауы бойынша курстар" сөздерінен кейін оқу жоспарына сәйкес курстардың атаулары жазылады. Сынақ жүйесі енгізілген пәндер бойынша - "есептелінді".
      7) Туған күні, айы, жылы күні (санмен), айы (жазбаша) және жылы (төрт таңбалы санмен) көрсетіліп жазылады.
      8) аттестаттар, куәліктер бланкілеріне білім беру ұйымының директоры, директордың орынбасары және сынып жетекшісі қол қояды. Мөрге арналып қалдырылған орынға білім беру ұйымының мөрі қойылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Дипломдар бланкілері мынадай үлгіде толтырылады:
      1) "мамандығы бойынша" "кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгерді" деген сөздердің алдында мамандықтың коды жазылады немесе атауы тырнақшада көрсетіледі.
      2) Мамандық деген жолда "мамандығы бойынша" деген сөздер жазылады және біліктілік берілген мамандықтың атауы тырнақшада көрсетіледі.
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары дипломдарының, кәсіптік даярлау туралы куәліктердің бланктеріне директор мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды, дипломның бланкілеріне (дубликатқа ректор, декан және хатшы қол қояды) дипломды беру жылында Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы және оқу орнының ректоры (басшысы), хатшы қол қояды. Мөрге арналып қалдырылған орынға оқу орнының мөрі қойылады. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасының және жоғары оқу орны ректорының аты-жөні көрсетілмейді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бланкілерге қосымшалар мынадай үлгіде толтырылады:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық атау септігінде көрсетіледі.
      2) туған күні, айы (санмен), айы (жазбаша) және жылы (төрт таңбалы санмен) көрсетіліп жазылады.
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дипломдарының қосымшасында "ТКБ № ________ дипломсыз жарамсыз" деген сөздерден кейін дипломның нөмірі көрсетіледі;
      4) "__________жылдан бастап _______жылға дейін" оқыған уақыты көрсетіледі, одан кейін "_________" колледждің толық атауы көрсетіледі;
      5) "кәсібі, мамандығы бойынша" деген сөздердің алдында тырнақшаның ішінде бас әріппен мамандықтың атауы көрсетіледі;
      6) пәндердің атауы, сағаттардың саны оқу жұмыс жоспарларына сәйкес көрсетіледі. Бағалау бас әріптермен жазылып қойылады – өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық. Пәннің атауы, бағалар грамматикалық ережелерге сәйкес қысқартылуы мүмкін;
      7) барлық пәндерден кейін "Курстық жұмыс" деген жазу жазылады және курстық жұмыс жазылған пән және бағасы көрсетіледі;
      8) пәндердің атауы деген бағанда барлық практикалардың түрлері енгізіледі. Содан кейін "Қорытынды мемлекеттік аттестаттау" деген жазу жазылады, пәндер және әрбір пәнің бағасы көрсетіледі. Егер кешенді емтихан тапсырылса, онда кешенді емтиханға кіретін пәндердің атауы жазылады және бір баға қойылады;
      9) "Бұдан бұрынғы білім туралы құжат" деген сөздерден кейін аталған адамның жоғары оқу орнына қабылдануы негізінде білім туралы құжаттың атауы және оны берген жылы көрсетіледі. Егер бұдан бұрынғы білім туралы құжат шетелде алынған болса, оның мемлекеттік, орыс тіліне аударылған атауы және осы құжатты берген елдің атауы көрсетіледі;
      10) "Бұдан бұрынғы білім туралы құжат" деген сөздерден кейін аталған адамның жоғары оқу орнының магистратурасына (жоғары білім туралы диплом) қабылдануы негізінде даярлықтың немесе мамандық бағытының нақты атауы көрсетілген білім туралы құжаттың атауы және оны берген жылы көрсетіледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасының екінші бетінде магистрді 2 жылдық мамандандыруға даярлаған пәндер көрсетіледі;
      11) "Түсу сынағы" деген сөздерден кейін егер ол адам түсу сынағынан жоғары оқу орнына түсу үшін өтсе, "өтілді" немесе заңнамалық және нормативтік құжаттарға сәйкес ол адам жоғары оқу орнында түсу сынағынан босатылса, "өтілмеді" деген сөз жазылады;
      12) "түсті" және "оқуды аяқтады" деген сөздердің алдында оқуға түсу жылы мен аяқтау жылы төрт таңбалы санмен, сондай-ақ аталған тұлға түскен оқу орнының толық атауы және аяқтаған оқу орнының атауы көрсетіледі. Сондай-ақ, студент білім алатын басқа да жоғары оқу орындары көрсетілмейді. Егер студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін жоғары оқу орнының филиалында оқуды бастаса немесе аяқтаса, жоғары оқу орнының атауынан кейін үтір арқылы филиалдың атауы көрсетіледі. Сондай-ақ, студент білім алатын басқа да жоғары оқу орындары көрсетілмейді;
      13) "Оқытудың нормативтік кезеңі" деген жолда аталған мамандықты оқыту мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес көрсетіледі;
      14) "Оқыту тілі және білімді бақылау" деген жолда "мемлекеттік тіл" немесе "орыс тілі" көрсетіледі;
      15) "Бағыты/мамандығы" деген жолда мамандықтың немесе бағыттың атауы көрсетіледі (қажеттісінің астын сызу);
      16) курстық жұмыстар, қорытынды мемлекеттік емтихандар олардың атауымен және үтір арқылы бағаларды (сынақ) көрсетумен жазылады;
      17) "Практика" деген жолда атауы, апта саны санмен және бағасы жазбаша көрсетіледі. Курстық жұмыстар (жобалар) мен практикалар санына қарай тиісті жазулар келесі бетке пәндер тізімінен кейін жазылады. Бұл кезде "курстық жұмыстар (жобалар)" немесе "практикалар" деген сөздерден кейін "келесі бетте көрсетілген" деген сөздер жазылады;
      18) жоғары оқу орнының, мамандықтың, мамандандырудың, курстық жұмыстың және қорытынды мемлекеттік емтиханның, практикалардың атаулары тырнақшаға алынбайды:
      19) "Бітіруші біліктілік жұмысын орындау және қорғау" деген жолда "тақырыбында", ал магистрлер үшін - "тақырыбында магистрлік диссертация" деген сөздер, тырнақшада бітіру жұмысының тақырыбы, бітіру жұмысын орындау үшін белгіленген апталар саны және бағасы (жазбаша) жазылады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Егер бітіруші бірнеше жоғары оқу орындарында оқыса немесе жоғары білімімен жоғары оқу орнына түскен жағдайда "Мынадай мамандықтар бойынша сынақтар, аралық және қорытынды емтихандар тапсырды" деген бағаға белгіленген тәртіппен ол оқыған жоғары оқу орнында есептелген, мемлекеттік аккредиттеуден өткен барлық жоғары оқу орындарында бұрын өтілген пәндер енгізіледі. Бұл кезде пән атауымен қатар тиісті сілтемемен оларды оқыған мемлекеттік аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының барлығы көрсетіледі.

      14. Бір пән бойынша бірнеше емтихандар (жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің шешімі бойынша) бар болса, барлық аралық емтихандардың бағалары немесе егер аталған пән бойынша студенттің даярлығының жалпы деңгейін сипаттайтын қорытынды сипаттама енгізілсе, бір емтихан бағасы көрсетілуі мүмкін. Қорытынды емтихан болмаған жағдайда пән бойынша қорытынды бағасын қою жоғары оқу орны ғылыми кеңесімен белгіленеді.

      15. Студенттің даярлықтың немесе мамандықтың аталған бағытына арналған жоғары оқу орнының оқу жоспарында анықталған пәндерді меңгергенінен тыс пәндер студенттің арызы бойынша келісіммен енгізіледі.

      16. Жоғары оқу орны өзінің атауын өзгерткен жағдайда қосымшаның келесі бетінің соңғы жағына тиісті түсініктеме беріледі.

      17. Дипломға қосымша А4 форматының бір парағынан жасалады және алдыңғы бетінен және сыртқы бетінен тұрады.

Об утверждении Требований по оформлению документов об образовании

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 ноября 2007 года N 565. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 03 декабря 2007 года N 5025

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации  Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании"  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить Требования по оформлению документов об образовании.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаев С.М.) представить настоящий приказ в установленном порядке на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      И.о. Министра

Утверждена              
приказом Министра образования   
и науки Республики Казахстан   
от 21 ноября 2007 года N 565   

  Требования по оформлению документов об образовании 

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Заполнение свидетельств, аттестатов, свидетельств о профессиональной подготовке, дипломов и приложений производится учебным заведением каллиграфическим почерком (черной тушью либо шариковой ручкой черного цвета) или с помощью печатающих устройств.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Бланки свидетельств, аттестатов, свидетельств о профессиональной подготовке, дипломов (далее - бланки) и приложений заполняются на казахском и русском языках.
      Сноска. Пункт 2 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Бланки заполняются следующим образом:
      1) фамилия, имя и отчество (при его наличии) лица, завершившего обучение, прописываются полностью в соответствии с записью в документе удостоверяющем личность (либо его заменяющем документе) (в дательном падеже);
      2) фамилия, имя и отчество (при его наличии) иностранного гражданина записываются по данным национального паспорта в русскоязычной транскрипции. Транскрипция должна быть согласована с лицом, окончившим учебное заведение;
      3) в строке «полное наименование организации образования» указывается официальное наименование учебного заведения (в винительном падеже).
      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Вкладыши и приложения всех видов документов имеют серию и семизначные номера (по аналогии нумерации национальной валюты Республики Казахстан).
      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Учебные заведения ежегодно до 1 октября представляют заявки на необходимое количество бланков в уполномоченный орган в области образования.
      6. В нижней части бланка указывается город, село, район, область где находится организация образования, дата выдачи бланка: число (цифрой), месяц (прописью) и год (четырехзначной цифрой), регистрационный номер бланка по книге регистрации выдаваемых бланков.
      7. Оборот правой стороны бланка служит местом для проставления соответствующими органами апостиля и отметок, связанных с легализацией бланка при его вывозе в другую страну.
      8. После заполнения бланка он должен быть тщательно проверен на точность и безошибочность внесенных в него записей. Документ, составленный с ошибками, считается испорченным.
      9. Исключен приказом Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Бланки приложений к свидетельствам, аттестатам заполняются следующим образом:
      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии) указываются полностью в именительном падеже;
      2) оценки по предметам, дисциплинам выставляются цифрой, а в скобках прописью;
      3) Обучающимся 9, 11 (12) классов освобожденным от физической культуры или технологии по состоянию здоровья делается запись "освобожден(а)";
      4) Графы "родной язык", "родная литература" заполняются школами с национальными языками обучения (кроме школ с казахским и русским языками обучения);
      5) Строки по "изобразительному искусству" и по "музыке" заполнять по годовой оценке за 6 класс;
      6) После слов "Прикладные курсы" или "курсы по выбору" вписываются наименования курсов в соответствии учебным планом. По дисциплинам, где введена зачетная система - "зачтено";
      7) Дата рождения записывается с указанием числа (цифрой), месяца (прописью) и года (четырехзначной цифрой);
      8) Бланки аттестатов, свидетельств подписываются директором организации образования, заместителем директора и классным руководителем. На отведенном для печати месте ставится печать организации образования.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Бланки дипломов заполняются следующим образом:
      1) после слов «по специальности» «полностью освоил профессиональную учебную программу» вписывается код или указывается в кавычках наименование специальности;
      2) В строке специальности вписываются слова "по специальности" и указывается в кавычках наименование специальности, по которой присвоена квалификация;
      3) бланки дипломов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, свидетельств о профессиональной подготовке подписываются директором и заместителем директора по учебной работе, бланки дипломов председателем Государственной аттестационной комиссии, действующей в год выдачи диплома (дубликат подписывается ректором, деканом и секретарем), и ректором (руководителем) учебного заведения, секретарем. На отведенном для печати месте ставится гербовая печать учебного заведения. Фамилии председателя Государственной аттестационной комиссии и ректора вуза не указываются.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Приложения к бланкам заполняются следующим образом:
      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии) указываются полностью в именительном падеже;
      2) дата рождения записывается с указанием числа (цифрой), месяца (прописью) и года (четырехзначной цифрой);
      3) в приложении диплома организаций технического и профессионального, послесреднего образования после слов «без диплома ТКБ № ________» указывается номер диплома;
      4) указывается время обучения «с __________по _______год», затем «в ____________» указывается полное название колледжа;
      5) после слов «по профессии, специальности» указывается в кавычках наименование специальности с заглавной буквы, добавляется «а» для обучающихся женского пола;
      6) наименование дисциплин, количество часов указываются в соответствии с рабочими учебными планами. Оценка проставляется прописью прописными буквами – отлично, хорошо, удовлетворительно. В наименовании дисциплин, оценках возможны сокращения в соответствии с грамматическими правилами;
      7) после всех дисциплин делается запись «Курсовые работы» и указывается дисциплина, по которой была написана курсовая работа, и оценка;
      8) в графу наименование дисциплин вносятся все виды практик. Затем делается запись «Итоговая государственная аттестация», указываются дисциплины и оценки за каждую дисциплину. Если сдан комплексный экзамен, то указывается наименование дисциплин, входящих в комплексный экзамен и выставляется одна оценка;
      9) после слов «Предыдущий документ об образовании» указывается наименование документа об образовании, на основании которого данное лицо было зачислено в высшее учебное заведение, и год его выдачи. В случае если предыдущий документ об образовании был получен за рубежом, указывается его наименование в переводе на Государственный, русский язык и наименование страны, в которой выдан этот документ;
      10) после слов «Предыдущий документ об образовании» указывается наименование документа об образовании, на основании которого данное лицо было зачислено в магистратуру вуза (диплом о высшем образовании), с конкретным наименованием направления подготовки или специальности и год его выдачи. На оборотной стороне приложения к диплому о послевузовском образовании указываются дисциплины 2-летней специализированной подготовки магистра;
      11) после слов «Вступительные испытания» вписываются слова: «прошел», если это лицо проходило вступительные испытания для поступления в вуз, или «не предусмотрены», если это лицо было освобождено от прохождения вступительных испытаний вузом в соответствии с законодательными и нормативными документами;
      12) после слов «Поступил (а) в» и «Завершил(а) обучение в» указываются четырехзначными числами соответственно год поступления и год - окончания обучения, а также полное наименование учебного заведения, в который поступало данное лицо, и наименование вуза, который это лицо окончило. Другие вузы, в которых также мог обучаться студент, не указываются. Если студент(ка) после поступления в вуз начинал(а) обучение и (или) завершал(а) обучение в филиале вуза, то после наименования вуза, через запятую, указывается наименование филиала. Другие вузы, в которых также мог обучаться студент, не указываются;
      13) в строке «Нормативный период обучения» указываются сроки обучения согласно Государственному общеобязательному стандарту образования Республики Казахстан;
      14) в строке «Язык обучения и контроля знаний» указывается «государственный язык» или «русский язык»;
      15) в строке «Направление/специальность» указывается наименование специальности или направления (нужное подчеркнуть);
      16) курсовые работы, итоговые государственные экзамены записываются с указанием их наименования и через запятую оценки (зачета);
      17) в строке «Практика» указывается наименование, продолжительность в неделях цифрами и оценка прописью. В случае значительного количества курсовых работ (проектов) и практик соответствующие записи могут быть помещены на обороте после перечня дисциплин. При этом после слов «курсовые работы (проекты)» или «практики» вписывается «приведены на обороте»;
      18) наименования высшего учебного заведения, специальности, специализации, курсовых работ и итоговых государственных экзаменов, практик приводятся без кавычек;
      19) в строке «Выполнение и защита выпускной квалификационной работы» вписываются слова «на тему», а для магистров - «магистерская диссертация на тему», тема выпускной работы в кавычках, количество недель, установленных для выполнения выпускной работы и оценка (прописью).
      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.06.2015 № 403 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      13. В случае, когда выпускник обучался в нескольких высших учебных заведениях или поступил в высшее учебное заведение, имея высшее образование, в графе "За время обучения сдал (а) зачеты, промежуточные и итоговые экзамены по следующим дисциплинам" вносятся дисциплины ранее изученные во всех высших учебных заведениях, имеющих государственную аккредитацию, в которых он обучался, перезачтенные вузом в установленном порядке. При этом рядом с наименованием дисциплин соответствующими сносками обозначаются все высшие учебные заведения, имеющие государственную аккредитацию, в которых они изучались.
      14. При наличии нескольких экзаменов по одной дисциплине могут (по решению ученого совета вуза) указываться оценки по всем промежуточным экзаменам или оценка по одному экзамену, если он носит характер итогового, характеризующего общий уровень подготовки студента по данной дисциплине. При отсутствии итогового экзамена порядок выставления итоговой оценки по дисциплине устанавливается ученым советом вуза.
      15. Дисциплины, изученные студентом сверх дисциплин, определенных учебным планом высшего учебного заведения для данного направления подготовки или специальности, вносятся с согласия студента по его заявлению.
      16. В случае, если учебное заведение изменило свое наименование, в конце оборотной стороны приложения дается соответствующее разъяснение.
      17. Приложение к диплому изготавливается на одном листе формата А4 и состоит из лицевой и оборотной стороны.