Байланыс формасы

Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 12 желтосандағы № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қаңтарда № 10079 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасын және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қағидалар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру және олармен білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 280 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7094 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Т. Балықбаев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 519 бұйрығына
қосымша

Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қағидалар

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың және астаның білім басқармалары (бұдан әрі – Білім басқармалары) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкноттық фабрикасымен (бұдан әрі – Банкноттық фабрика) білім беру туралы жиынтық өтінім көлемінде мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарының талаптарына сәйкес (типтік үлгісі, түсі, қорғау дәрежесі, қағаздың сапасы) бланкілерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасады.

      Бланкілерді дайындау тәртібі мен мерзімі, жеткізу және қабылдау, сондай-ақ міндеттемелерді тиісті орындау жауапкершілігі Министрлік пен Банкноттық фабрика арасында жасалатын шартта қарастырылады.

      4. Министрлік бланкінің әрбір түрі үшін біріңғай сериясын белгілейді, банкнот фабрикасы реттік нөмірлеуді анықтайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Білім беру ұйымдарына бланкілер тегін беріледі, төлем ақысы Министрлік не Білім басқармасы мен Банкноттық фабрика арасында жасалған бланкілерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта көрсетілген.

2 тарау. Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырудағы бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Негізгі орта, жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Білім басқармаларына, ал жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, сондай-ақ, республикалық білім беру ұйымдары Министрлікке:

      ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей, Білім басқармаларының және (немесе) Министрліктің бюджеттік өтінімін қалыптастыру үшін болжамды үш жылдық оқу кезеңіне арналған бланкілерге қажеттілікті;

      ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірмей, Білім басқармаларының және (немесе) Министрліктің Банкноттық фабрикамен шарт жасауы үшін бір оқу жылына арналған бланкілерге өтінім ұсынады;

      бланкілерді толық пайдаланып жыл бойында бланкілерге қосымша қажеттілік пайда болған жағдайда, білім беру ұйымы Білім басқармаларына және (немесе) Министрлікке бланкілердің қажетті санын көрсете отырып қосымша өтінім жолдайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өтінім екі данада жасалады, білім беру ұйымы басшысының қолы қойылып, білім беру ұйымының мөрмен бекітіледі. Өтінімнің бір данасы Білім басқармаларына және (немесе) Министрлікке жіберіледі, екіншісі білім беру ұйымында қалады.

      8. Білім басқармалары және (немесе) Министрлік өтінімді жасау кезінде алдағы жылдың қажеттіліктерін көбейту мүмкіндігін ескереді және бланкінің әр түрі бойынша қажеттіліктің өтінім берілген санынан 10 пайыздық қорын қарастырады.

      9. Білім басқармалары және (немесе) Министрлік Банкноттық фабрикаға шарт жасау үшін саны, типтік үлгілері және басқа да мәліметтер көрсетілген ілеспе құжаттармен бірге жиынтық өтінімді жібереді.

      10. Банкноттық фабрикадан бланкілерді алу, оларды есепке алу, сақтау, білім беру ұйымдарына беру және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру міндеттері Министрліктің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі - ҰТО) және (немесе) Білім басқармасына жүктеледі.

      11. ҰТО және (немесе) Білім басқармасы Банкноттық фабрикадан бланкілерді алу, оларды есепке алу, сақтау, білім беру ұйымдарына беру және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру міндеттері жүктелетін қызметкерді материалдық жауапты тұлға (бұдан әрі - материалдық жауапты тұлға) ретінде анықтайды.

      ҰТО оның материалдық жауапкершілігі туралы бұйрық шығарады және шарт жасайды.

      12. Министрлік бас сенімхатты ҰТО-ға және (немесе) Білім басқармасына береді. Материалдық жауапты тұлға берілген сенімхат негізінде бланкілерді алады және білім беру ұйымдарына береді.

      13. Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының атынан бланкілерді есепке алу, сақтау және беру жұмысын жүзеге асыру үшін жауапты лауазымды тұлғаны (бұдан әрі - жауапты лауазымды тұлға) тағайындау туралы бұйрық шығарады.

      14. Білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдауды, беру мен есептен шығаруды, сақтауды ұйымдастыруға бақылау жүргізу мақсатында құрамы бес адамнан тұратын, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.

      15. Материалдық жауапты тұлға білім беру ұйымдары берген сенімхат негізінде ұсынылған өтінім мен жүкқұжатқа сәйкес білім беру ұйымының жауапты лауазымды тұлғасына бланкілерді беруді жүзеге асырады.

      16. Бланкінің берілуі туралы сенімхаттар, жүкқұжаттар есеп құжаттары болып табылады және материалдық жауапты тұлғада сақталады.

      17. Бланкілер өртенбейтін сейфтерде, темір шкафтарда немесе мерзімі шектеусіз сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлмелерде сақталады.

3 Тарау. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырылуы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Білім беру ұйымдарында құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында әр бланкінің түрі бойынша бөлек бланкілердің пайдаланылуын есепке алу журналы (бұдан әрі - журнал) жүргізіледі, олар нөмірленген, тігілген, білім беру ұйымы басшысының қолы қойылған және мөрі басылған болуы тиіс.

      19. Журналда жазу көк түсті сиялы шарлы немесе қаламұш қаламсаппен хронологиялық тәртіппен толтырылады, жазбалардың шынайылығын дәлелдейтін тиісті құжаттардың негізінде толтырылады. Қателерді түзету мәтінді жіңішке сызықпен сызу жолымен және тиісті жолдар мен бағандарға дұрыс нөмірлер мен мәтінді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бір уақытта тиісті жолдың шетіне жауапты лауазымды тұлғаның қолымен "түзетілді" деген белгі қойылады.

      20. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын іске асыратын және республикалық білім беру ұйымдары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ҰТО-ға, ал негізгі орта, жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары, ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуы туралы есепті тиісті оқу жылына сәйкес Білім басқармасына ағымдағы жылғы 1 тамызға дейін ұсынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, сондай-ақ, республикалық білім беру ұйымдары жауапты лауазымды тұлғалары ҰТО-ға ай сайын бланкілер қозғалысы туралы осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес нысанда есеп ұсынады.

      Білім басқармалары тоқсан сайын бланкілер қозғалысы туралы осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес нысанда есеп ұсынады.

      22. Пайдаланылмаған бланкілер білім беру ұйымдарында қалады, олардың саны қосымшаға сәйкес бланкілердің пайдаланылуы туралы есептерде және келесі жылдың өтінімінде көрсетіледі. Бланкілерді басқа оқу орындарына беруге қатаң тыйым салынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Бланкілердің жетіспеу фактісі анықталған жағдайда, комиссия түгендеу өткізілген уақыты мен орнын көрсетіп, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес нысанда акт жасайды.

      24. Бланкілердің жоғалған жағдайларында комиссия осы бұйрықтың 5-қосышмасына сәйкес нысанда акт жасайды және жауапты лауазымды тұлғаға сақтауға береді.

      25. Жұмыста пайдалану барысында бланкілер бүлінген жағдайда бүлінген бланкілер бойынша осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда акт жасалады. Бүлінген бланкілердің мемлекеттік нөмірлері мен сериялары қиылып, бір параққа желімделіп, бүлінген бланкілер бойынша актіге тіркеледі, бланкілердің қалған бөлігі ұсақтап қиылады немесе өртеледі.

      26. Егер нысандардың мазмұны өзгеріс енгізілсе, білім беру ұйымдары басшысының шешімі негізінде білім беру ұйымдарында ескі нысандар жойылады және осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерін жою актісімен ресімделеді, ҰТО-да Министрлікте құрылған және осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерін жою актісімен комиссияның шешімі негізінде ресімделеді. Актіге кесілген және жапсырылған қағаз бетіне мемлекеттік нөмірлері және бланкілердің сериясы қоса беріледі, ал бланктін қалған бөліктері ұсақталады немесе өртеледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Есептік деректердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру мақсатында есептер көшірмелерінің тиісті сақталуы қамтамасыз етіледі. Есептер бөлек папкаларда жасалу мерзімдері бойынша сақталады.

      28. Бланкілерге тапсырыс жасауға, олардың берілуі мен сақталуына бақылау жасау білім беру ұйымының бірінші басшыларына жүктеледі.

  Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттардың
бланкілеріне тапсырыс беруді
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
қағидаларға
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
  Бекітемін
Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

      "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК

      және Білім басқармасына ұсынылады

_______________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) ____________________оқу жылындағы білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуы туралы есебі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: 1 – ПП.

      Кезеңділік: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20___ - 20___ оқу жылы.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: ақпарат білім беру ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғаларымен ұсынылады.

      1. Бланкілерді беру

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

А

1

2

      2. Телнұсқаларды беру

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

А

1

2

      3. Қосымшалар бланкілерінің бүлінуі

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

А

1

2

      4. Қосымшалар бланкілерінің қалғаны

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

А

1

2

      5. Анықтамалар беру

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

А

1

2

      6. Анықтама бланкілерінің қалғаны

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

А

1

2

      Білім беру ұйымының

      атауы_______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электорндық почта мекенжайы_________________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы

      адам________________________________________________________________

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  "Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттар бланкілерінің
пайдаланылуы туралы есеп"
нысанына
қосымша

"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түісініктеме

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртібін анықтайды.

      2. Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6-кестелерінің А бағанында бланкінің атауы көрсетіледі (сериясы және тіркеу нөмірі).

      3. Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6 кестелерінің 1-бағанында бланкінің алынған жылы көрсетіледі.

      4. Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6 кестелерінің 2-бағанында бланкілер саны көрсетіледі.

  Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттардың
бланкілеріне тапсырыс беруді
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
қағидаларға
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
  Бекітемін
Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

      "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК ұсынылады

________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) _________________оқу жылындағы білім туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттар бланкілерінің қозғалысы туралы есебі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: 1 – ПП.

      Кезеңділік: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20___ - 20___ оқу жылы.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: ақпарат білім беру ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғаларымен ұсынылады.

Бланкілер атауы

Шығару

Тапсырыс берілген бланкілер саны

ҰТО РМҚК барлық алынғаны

Қозғалысы туралы мәлімет

саны

Сериясы мен нөмірі

берілгені

бүлінгені

қалғаны

А

1

2

3

4

      Білім беру ұйымының

      атауы_______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электорндық почта мекенжайы_________________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы

      адам________________________________________________________________

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  "Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттар бланкілерінің
қозғалысы туралы есеп"
нысанына
қосымша

"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің қозғалысы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түісініктеме

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің қозғалысы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарын анықтайды.

      2. Нысанның А-бағанында бағанның атауы көрсетіледі.

      3. Нысанның 1-бағанында бланкілердің шығарылғаны көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында тапсырыс берілген бланкілер саны көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында бланкілердің ҰТО барлық алынғаны көрсетіледі (саны және сериясы мен нөмірі).

      6. Нысанның 4-бағанында бланкілердің қозғалысы туралы мәлімет (берілгені, бүлінгені, қалғаны) көрсетіледі.

  Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттардың
бланкілеріне тапсырыс беруді
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
қағидаларға
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
  Бекітемін
Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

      Білім басқармасына ұсынылады

____________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) ______________________оқу жылындағы білім туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттар бланкілерінің қозғалысы есебі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: 1 – ПП.

      Кезеңділік: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20___ - 20___ оқу жылы.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: ақпаратты білім беру ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары ұсынады.

Бланкілер атауы

Шығару

Тапсырыс берілген бланкілер саны

Білім басқармаларында барлық алынғаны

Қозғалысы туралы мәлімет

саны

сериясы мен номері

берілгені

бүлінгені

қалғаны

А

1

2

3

4

      Білім беру ұйымының

      атауы_______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электорндық почта мекенжайы_________________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы

      адам________________________________________________________________

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  "Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттар бланкілерінің
қозғалысы туралы есеп"
нысанына
қосымша

"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің қозғалысы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түісініктеме

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) бірыңғай талаптарын анықтайды.

      2. Нысанның А-бағанында бағанның атауы көрсетіледі.

      3. Нысанның 1-бағанында бланкілердің шығарылғаны көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында тапсырыс берілген бланкілер саны көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында бланкілердің Білім басқармасында барлық алынғаны көрсетіледі (саны және сериясы мен нөмірі).

      6. Нысанның 4-бағанында бланкілердің қозғалысы туралы мәлімет (берілгені, бүлінгені, қалғаны) көрсетіледі.

  Бiлiм туралы мемлекеттiк
үлгiдегi құжаттардың
бланкiлерiне тапсырыс берудi
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
ехникалық және кәсіптік,
орта бiлiмнен кейінгі, жоғары
және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмнің білім беру
бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты бiлiм
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөнiндегi
қағидаларға 4 қосымша
  Нысан
  Бекітемін

      Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің жетіспейтіндігі туралы
20__ жылғы "___" ___________
№ _____АКТ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Біз, төменде қол қоюшылар,

      ________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда) – білім беру ұйымының бланкілер есебін жүргізу,

      сақтау және беру жұмыстарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасының лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдап алу,

      сақтау, беру және жоюды ұйымдастыруға бақылау жүргізетін тұрақты түрде

      жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің лауазымдары)

      тексеру барысында білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің

      жетіспейтіндігі анықталып, осы актіні жасадық:

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Жетіспейтін бланкілердің барлығы

Анықтамалар

Анықтама бланкілерінің сериясы мен нөмірлері

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Жетіспейтін бланкілердің барлығы

Бланкіге қосымшалар

Қосымша бланктін тілі

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Қазақша

Барлығы

Орысша

Барлығы

Жетіспейтін бланкілердің барлығы

      Комиссия мүшелері:

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

  Бiлiм туралы мемлекеттiк
үлгiдегi құжаттардың
бланкiлерiне тапсырыс берудi
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік,
орта бiлiмнен кейінгі, жоғары
және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмнің білім беру
бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты бiлiм
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөнiндегi
5 қосымша
  Нысан
  Бекітемін

      Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың жоғалған бланкілерінің анықталуы туралы
20__ жылғы "___" ___________
№_____Акт

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Біз, төменде қол қоюшылар,

      _________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда) – білім беру ұйымының бланкілердің есебін жүргізу,

      сақтау және беру жұмыстарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда) – білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдап алу,

      сақтау,беру және жоюды ұйымдастыруға бақылау жүргізетін тұрақты түрде

      жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің лауазымдары)

      ____________________________________________________________

      (жағдаятты сипаттайды, мыс., екінші рет тексеруде және

      т.с.с.., бұрынырақ жоғалған бланкілер анықталса)

      тексеру барысында білім туралы мемлекеттік үлгідегі төмендегі құжаттар бланкілерінің жоғалғаны анықталып, осы актіні жасадық:

Бланктердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Жетіспейтін бланкілердің барлығы

Анықтамалар

Анықтама бланкілерінің сериясы мен номері

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Жетіспейтін бланкілердің барлығы

Бланкіге қосымшалар

Қосымша бланктін тілі

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Қазақша

Барлығы

Орысша

Барлығы

Жетіспейтін бланкілердің барлығы

      Комиссия мүшелері:

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

  Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттардың
бланкілеріне тапсырыс беруді
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
қағидаларға
6-қосымша
  Нысан

      Бекітемін
Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

Жұмыста пайдалану кезінде білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланклерінің бүлінгені туралы
20__ жылғы "___" ___________ №_____акт

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Біз, төменде қол қоюшылар,

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымының бланкілер есебін жүргізу, сақтау

      және беру жұмыстарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдап алу,

      сақтау, беру және жоюды ұйымдастыруға бақылау жүргізетін тұрақты түрде

      жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің лауазымдары) бланкілерді толтыру

      барысында төмендегі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат бланкілерінің

      бүлінгені туралы осы актіні жасадық:

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Бүлінген бланкілердің барлығы

Анықтамалар

Анықтама бланкілерінің сериясы мен нөмірлері

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Бүлінген бланкілердің барлығы

Бланкіге қосымшалар

Қосымша бланкісінің тілі

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Қазақша

Барлығы

Орысша

Барлығы

Бүлінген бланкілердің барлығы

      Комиссия мүшелері:

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттардың
бланкілеріне тапсырыс беруді
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
қағидаларға
7-қосымша
  Нысан

      Бекітемін
Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерін жою туралы
20__ жылғы "___" ___________ №_____ акт

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Біз, төменде қол қоюшылар,

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымының бланкілер есебін жүргізу, сақтау

      және беру жұмыстарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдап алу, сақтау,

      беру және жоюды ұйымдастыруға бақылау жүргізетін тұрақты түрде жұмыс істейтін

      комиссия мүшелерінің лауазымдары) жұмыс барысында мемлекеттік үлгідегі

      құжаттарының төмендегі бланкілерін толтыру барысында төмендегі мемлекеттік

      үлгідегі бүлінген бланкілерінің жойылғаны туралы осы актіні жасадық:

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Жойылған бланкілердің барлығы

1

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

Анықтаманың сериясы мен номері

Бланкінің алынған жылы

Куәлікке қосымшаның тілі

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Қазақша

Барлығы

Орысша

Барлығы

Жойылған бланкілердің барлығы

      Комиссия мүшелері:

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттардың
бланкілеріне тапсырыс беруді
ұйымдастыру, оларды сақтау,
есепке алу мен беру және
олармен негізгі орта, жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарын,
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарын қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
қағидаларға
8-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Басшы лауазымының атауы
Білім беру ұйымының атауы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ___________

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерін жою туралы
20__ жылғы "___" ___________ №_____ акт

      Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Біз, төменде қол қоюшылар,

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымының бланкілер есебін жүргізу, сақтау

      және беру жұмыстарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда) – білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдап алу, сақтау,

      беру және жоюды ұйымдастыруға бақылау жүргізетін тұрақты түрде жұмыс істейтін

      комиссия мүшелерінің лауазымдары) жұмыс барысында мемлекеттік үлгідегі

      құжаттарының төмендегі бланкілерін толтыру барысында төмендегі мемлекеттік

      үлгідегі бүлінген бланкілерінің жойылғаны туралы осы актіні жасадық:

Бланкілердің атауы (сериялары және тіркеу нөмірлері)

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Жойылған бланкілердің барлығы

1

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

2

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

3

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

4

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

Анықтамалар

Анықтаманың сериясы мен номері

Бланкінің алынған жылы

Бланкілер саны

Жойылған бланкілердің барлығы

1

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

2

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

3

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

4

Қиып алынған мемлекеттік нөмірі мен сериясын желімдеуге арналған бүлінген бланкідегі орын

Бланкіге қосымшалар

Куәлікке қосымшаның тілі

Бланкілердің алынған жылы

Бланкілер саны

Қазақша

Барлығы

Орысша

Барлығы

Ағылшын

Барлығы

Жойылған бланкілердің барлығы

      Комиссия мүшелері:

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Лауазымы ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады