Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.04.13 N 169 Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процессін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2006 жылғы 19 шілдедегі N 404 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4348) тіркелген күші жойылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (C.Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 24 қарашадағы
N 590 бұйрығымен бекітілген
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша
оқу процесін ұйымдастырудың
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды және жүзеге асырады.
2. Қашықтықтан білім беру технологиялары мынадай үш негізгі технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
1) желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
2) кейс-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту;
3) ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту.
3. Қашықтықтан білім беру технологиясының субъектілері білім алушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері болып табылады.
2. Қашықтықтан білім беру технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастыру
4. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері:
1) оқытуды даралау;
2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
3) дәстүрлі оқыту нысаны қолжетімсіз болып табылатын адамдарға білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
5. Білім беру ұйымдарымен қашықтықтан білім беру технологиясының дұрыс қызмет етуі үшін білім беру ұйымдарында мынадай функцияларды орындау қажет:
1) оқу курстарын қолдау;
2) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
3) кеңестер беру;
4) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
5) білім алушылардың білімдерін бақылау.
6. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар:
білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
әртүрлі терминалдардың: мультимедиалық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік және/немесе сатып алынған);
желілік оқу мультимедиа контентінің (жекеменшік және сатып алынған);
тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
жекеменшік контентін (локальдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
желілік тестілеу кешендерінің;
оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems - LMS);
оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
7. Қашықтықтан білім беру технологиялары білім беру ұйымдарында білім беру сапасын қамтамасыз ету барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жүргізіледі.
8. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытатын білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын басшы басқаратын арнайы құрылымдары құрылады және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтер бар:
оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;
ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
9. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, қашықтықтан білім беру технологиясымен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтан білім беру технологиялары орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.
10. Қашықтықтан білім беру технологиясының дидактикалық құралдарын әзірлеу қызметі қашықтықтан білім беру технологиясының электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарын, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтан білім беру технологиясына арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.
11. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.
12. Қашықтықтан білім беру технологиясы оқу процесі жұмыс оқу жоспары негізінде ұйымдастырылады, білім беру ұйымдарының басшылығымен бекітіледі. Жұмыс оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде жасалады. Оқу процесі барысында оқу сабақтары таңдалған қашықтықтан оқыту технологиясына сәйкес жүргізіледі.
13. Жеделдетілген мерзімде білім берудің оқу бағдарламасын толық көлемде игеру қашықтықтан білім беру технологиялары жоғары оқу орындарының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
14. Білім алушылардың жеке оқу жоспары білім алушылармен жасалады, білім беру ұйымдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясының басшысымен келісіледі және бекітіледі.
15. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушы тұлғалар үшін оқу сабақтары басталғанға дейін білім беру ұйымдары технологиялармен және қашықтықтан оқыту жүйесімен таныстыру бойынша оқытудың кіріспе курсын өткізеді.
16. Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген мерзімдерге сәйкес басталады және саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады.
17. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушылар кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес толық меңгеруі тиіс.
18. Тьюторлық сыныптың компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 512 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
19. Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 866 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеуде нормативтік құқықтық актімен N 3382 тіркелген) бастауыш кәсіптік білім беру орта және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында "Санитарлық эпидемиологиялық жағдайды талап ету туралы" нормалар мен ережелерге сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локальдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны нормадан тыс күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
20. Қашықтықтан білім беру технологиясын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді.
21. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан білім беру технологиясы білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан кеңестер алуды болжайды.
Оқытушы-тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивтік консультация жатады (чат, форум арқылы).
22. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар бірнеше нысанда жүргізіледі:
1) жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша);
2) жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон бойынша, e-mail, чат, форум арқылы);
3) топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
23. Оқу сабақтары қашықтықтан оқыту кезінде бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейнеконференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) білім алушылардың өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар нысанында жүргізіледі.
24. Қашықтықтан білім беру технологиясын іске асыратын білім беру ұйымдары қол жетімділікті шектейтін электрондық әдістерді қолдану, аумақтық аттестаттау комиссияларында көпшілік қорғау жұмыстарын тәуелсіз бағалау әдістері арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғалған ақпараттық жүйедегі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды, аралық аттестаттауды ұйымдастыруы тиіс.
25. Білім беру ұйымдары білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өту мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Кәсіптік практика алыстатылған қол жеткізушіліктің зертханаларында немесе ІТ-компанияларда ұйымдастырылады.
26. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын толық орындаған және жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдалған мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын меңгерген, қорытынды аттестаттауды тапсырған білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
27. Білім беру ұйымдары білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, электрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің нәтижелерін толық есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
28. Қашықтықтан білім беру технологиялары кезіндегі зертханалық практикум ұқсас үлгілердің мультимедиа-технологияларын, ГИС-технологияларын қолдану арқылы жүргізіледі.
29. Барлық оқыту қызметі орта арқылы жүзеге асырылады:
электрондық байланыс арқылы оқытушының (тьютордың) білім алушымен электрондық құралды пайдалану арқылы педагогикалық қарым-қатынасы;
білім алушының оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары: сынақтар, емтихандар, зертханалық жұмыстар, рефераттар, эсселер, курстық, есептеу-кестелік жұмыстары, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау кіреді.
30. Қашықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл болып табылады.
Синхрондық өзара іс-қимыл білім алушымен пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасын қарастырады. Бұл үшін қашықтықтан білім беру технологиясы жүйелерінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.
Асинхрондық өзара іс-қимыл білім алушымен пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қашықтықтан білім беру технологиясы кезіндегі байланыс, әдеттегідей, жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) - қашықтықтан білім беру технологиясын іске асырудың міндетті шарттары.