Байланыс формасы

Ақтөбе қаласының Новостепановка селосын Кеңес Нокин ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 201 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі N 379 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 3210 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының мәслихаты және әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласының Новостепановка селосы - Кеңес Нокин ауылы деп қайта аталсын.

      Ескерту. 1 тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі
      Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады