Аудан бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімиятының 2007 жылғы 21 ақпандағы N 37 қаулысы. Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2007 жылы 12 наурызда N 3-4-38 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімдігінің 2010.05.11 № 78 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1314тармақтарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2009.04.30 N 86 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      1. Аудандағы мекемелер мен ұйымдарда, селолық округтерде жалпы жұмыс орындарының 3 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес бегіленсін.
      2. Мекемелермен және ұйымдармен тығыз байланысты орната отырып, жұмыссыз есебінде тіркеуде тұрған еңбекке жарамды мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес жұмысқа орналастырып, оларға жолдама беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған соң күшіне енгізілсін.
 
      Аудан әкімі                              Б.Кемешов

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 21 ақпандағы
№ 37 қаулысына
ҚОСЫМША

Аудандағы мекемелер мен ұйымдардағы, селолық округтардағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Рет саны

Мекеменің атауы

Квотамен жұмыс орнының саны

1

Еділбай-Байғанин ЖШС

2

2

"Мерей" ЖШС

1

3

"Сапар" АҚ

1

4

Аудан әкімдігі

1

5

Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасы

1

6

№ 19 кәсіптік мектебі

2

7

Спорт мектебі

1

8

Жиенбаев ат. орта мектеп

2

9

Жазықов ат. орта мектеп

2

10

Жармағанбетов ат. орта мектеп

3

11

Қарауылкелді балалар бақшасы

1

12

Қарабұлақ орта мектебі

1

13

Дияр орта мектебі

1

14

Сағыз орта мектебі

3

15

Пушкин ат. орта мектеп

2

16

Матайқұм орта мектебі

2

17

Қопа орта мектебі

2

18

Көкбұлақ орта мектебі

1

19

Қаражар орта мектебі

1

20

Жарқамыс орта мектебі

3

21

Жаңатаң орта мектебі

1

22

Бұлақтыкөл орта мектебі

1

23

Баршақұм орта мектебі

1

24

Байғанин орта мектебі

3

25

№ 3 Қарауылкелді орта мектебі

2

26

Ақтан негізгі мектебі

1

27

Қосарал негізгі мектебі

1

28

№ 1 Қарауылкелді орта мектебі

3

29

Мәдениет үйі

1

30

Кітапхана

1

31

"Байғанин" коммуналдық кәсіпорны

1

32

Аудандық байланыс торабы

1

33

Аудандық орталық аурухана

7


Барлығы

57

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады