2008 жылға арналған жұмыссыздар үшін уақытша ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 438 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 17 қаңтарда N 3-9-60 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 261 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың" Ережесінің 2 тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар ескеріліп қоса беріліп отырған:
      1) Ақылы қоғамдык жұмыстар жүргізілетін ұйымдардын тізбесі:
      2) жұмыстардын түрлері, көлемі мен жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бөліген қаражат шегінде қамтамасыз ету "Аудандық экономика және бюджет жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
      3. Аудандағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыстармен қамтамасыз етуді және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарттар жасау жұмыстары "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламадар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қаниевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнннен бастап қолданысқа 10 күннен кейін енгізіледі.

      Аудан әкімі                        С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады