Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 117 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының әділет басқармасында 2007 жылы 22 мамырда N 2-4-47 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы N 755 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011.10.31 N 755 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағының 5-4) тармақшасына18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
       2. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (С. Қорғанбаев):
      1) әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыз ретінде тіркелген халықтың нысаналы топтары жіберілсін;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарт жасауды жүзеге асырсын;
      Ескерту. 2-3) тармақшасы алынып тасталды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2009.06.01 N 144 қаулысымен.
3. Ақсу аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі (Г. Шырғайбаева) әлеуметтік жұмыс орнына берілетін қаржыны уақтылы бөлуді қамтамасыз етсін.
       4. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 24 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 30 мамырда мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-28 нөмірмен тіркелген және аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 маусымдағы N 25 санында жарияланған) N 126 қаулысының күші жойылған болып табылсын.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кәрбозинге жүктелсін.
       6. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Аян Айтжанов

Ақсу ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
N 117 қаулысына
қосымша

Ақсу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      Осы тәртіп Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту" Заңына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ережелері

      1. Осы тәртіп әлеуметтік жұмыс орнына орналасуының халықты әлеуметтік қолдауға халықтың нысаналы топтардың әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастырылуын және қаржыландыруын, негізгі жағдайын реттейді.
      2. Осы тәртіпте қолданылатын негізгі түсінік:
      1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.

2. Жұмыс берушілерді ұйымдастыру және іріктеу ережелері

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу және ұйымдастыру төмендегідей белгіленеді:
      1) әлеуметтік жұмыс орны тек қана халықтың нысаналы топтарына ғана арналады.
      2) әлеуметтік жұмыс орны уақытша мерзімге арналған, ол жұмыс берушілер үшін нақты және бос жұмыс орны болып саналмайды.
      3) жұмыс берушінің жұмыс уақытын толық емес жұмыс күніне ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
      4) әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен ұлттық негізде жүзеге асырады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылады.

3. Әлеуметтік жұмыс орнының қаржыландыру көздері мен жағдайы

      4. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған адамдардың еңбекақы төлемі еңбек заңдылығына сәйкес ай сайын жеке келісім шартқа және орындалған жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне байланысты іске асырылады.
      5. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға ішінара төленетін еңбекақысы аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінің көлемінде іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады