Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 6 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 13 шілдеде N 8-11-40 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2012 жылғы 21 маусымдағы N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2012.06.21 N 7 (қол қойылған күннен бастап  қолданысқа енеді) шешімімен.

      Бұқар жырау ауданында иттердің және мысықтардың санитарлық тазалық жағдайын тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2009.07.21 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            Т. Кадочкина

      Аудандық мәслихат
      хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асырушы                     Ш. Курбанов

Бұқар жырау
аудандық мәслихатының
2007 жылғы 21 маусымдағы
39 сессиясының N 6 шешімімен
бекітілген

Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ереже

      1. Осы ереже меншіктің нысанынан байланыссыз кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса, Бұқар жырау ауданында барлық үй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.
      2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын жындануға және басқа ауруларға қарсы вакциналар жасатып, үй жануарларын мал дәрігерлік мекемелерінде тіркеуге міндетті. Тіркеуден өткендігін растайтын құжаттар ветеринариялық төлқұжат пен жеке ұқсас нөмірдің барлығы болып табылады.
      3. Мысық пен иттерді ұстағанда санитарлық-гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық ережелерді міндетті түрде сақтау.
      4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек мал-дәрігерлік қызметінің рұқсатымен ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек қана байлап ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.
      5. Итті ақпараттық таңбамен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерде қалдыруға рұқсат етіледі.
      6. Сатуға және сатып алуға ветеринариялық төлқұжат пен ветеринариялық куәлік немесе анықтама болғанда рұқсат етіледі.
      7. Адамдарды ит, мысық және басқа да үй жануарлары тістеп алған жағдайда, иесі медициналық және ветеринариялық мекемелеріне тез хабарлауға міндетті.
      8. Дүкеннің, емдеу-алдын алу мекемесінің және ауданның басқа да ұйымдарының алдында байлаулы қалдырған иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық жерлерде иесіз жүрген иттер мен мысықтар аулауға жатады.

2. Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері

      9. Жануар иесі оны биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстауға, жануарға қамқорлықпен қарауға, ауырып калған жағдайда караусыз қалдырмауға, уақытында мал-дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.
      10. Ит пен мысық иелері мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және ветеринария маманының талабы бойынша жануарларды қарауға, диагностикалық зерттеуге, өкпе және алдын ала емдеу процедураларына әкелуге міндетті.
      11. Ит пен мысық иелері, адамдар мен жануарларды тістеген өз асырандыларын, карантин кезеңі ішінде, оларды қарау үшін мал-дәрігерлік мекемесіне тез жеткізуге міндетті.
      12. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде ит ұстаған жағдайда, тыныштықты сақтау шараларын қабылдау.
      13. Итті қыдыртуға иттің аты, иесенің мекен-жайы мен телефоны туралы мәліметі бар тізгінде шығаруы керек. Ит тұмылдырықта болуы тиіс.
      14. Пайдалануында жер учаскесі бар ит иелері оларды бос ұстауларына болады, тек жақсы қоршалған аулада немесе байлаулы болса. Учаскеге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескертетін жазуы болуы тиіс.
      15. Көше арқылы және магистраль жанынан өткенде ит иесі, жол-көлік апатын және иттің жолда өлуін болдырмау мақсатында, оны тізгінге алуға міндетті.
      16. Одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жануар басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды жүзеге асыратын арнайы кәсіпорынға тапсырылуы тиіс.
      17. Жануар өлген жағдайда, оның денесі мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және ветеринариялық мекеме маманының қатысуымен қаралып, иесі оны қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мал кемінділерінде жерлейді. Өлген жануардың денесін елді мекен аумағында лақтырып тастауға жол берілмейді.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2009.12.22 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      18. Жануар иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты заңмен қорғалады.
      19. Жануарлар иесінен сот шешімі бойынша, сондай-ақ заңмен қарастырылған жағдайда алынуы мүмкін.
      20. Иесі итін шектеулі уақытқа дүкеннің немесе басқа мекеменің жанында қысқа тізгінге байлаулы қалдыруға (ірі итті тұмылдырықта) құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады