Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ сессиясының N 31/303 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 шілдедегі N 39/399 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 25 шілдеде N 8-17-49 тіркелді

      Аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекомуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары туралы" N 31/303 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізімінде N 8-17-27 болып тіркелген, аудандық "Заман" газетінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 45 (10089) санында жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қағиданың тақырыбы төмендегідей редакцияда жазылсын:
      "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, сонымен қоса кондоминиум нысандарының жалпы мүліктерін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер төлемдері тұрғын үй жәрдемақысын көрсету және қалалық телекомуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары".
      2. Бірінші абзацта "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 маусым 2006 жылғы N 553 "Қазақстан Республикасының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығының 2006–2008 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Бірінші тармақтың 5 тармақшасы төмендегідей редакцияда оқылсын:
      "5) Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі"
      4. Бірінші тармақ төмендегі мазмұндағы 7 тармақшамен толықтырылсын: "7) Кондоминиумның нысандарының жалпы мүліктерін күрделі жөндеу бойынша шығындар – көпқабатты тұрғын үйлерді ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалған төлемдер"
      5. Бірінші тармақтың 1) тармақшасындағы, екінші, тоғызыншы, он екінші, он алтыншы, жиырма үшінші тармақтардағы "тұрғын үйді ұстауға" сөздерінен кейін "сонымен қоса кондоминиум нысандарының жалпы мүліктерін күрделі жөндеуге" сөздерімен толықтырылсын.
      6. Екінші тармақтағы, "20%" санынан кейін "ал 2008 жылдың 01 қаңтарынан 15 %" сөздерімен толықтырылсын.
      7. Үшінші тармақ төмендегі 5) мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын. "5) Кондоминиумның нысандарының жалпы мүліктерін пайдалануға және күрделі жөндеуге жататын жұмыстар тізімі мен жасалу кезегі кондоминиум нысандарын басқарудың меншік нысанына қарамастан пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекітіледі"
      8. Жетінші тармақтағы "он сегіз жастан" сөзі "сексен жастан" сөзімен ауыстырылсын.
      9. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Тлеубергеновке жүктелсін.
      10. Осы шешім 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық Мәслихаттың хатшысы:              Р. Мақсұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады