Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффиценттері туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 20/355 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет департаметінде 2007 жылғы 23 ақпанда N 1966 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық маслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық маслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/162 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

       1. Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және 1 шаршы метр жер учаскесі үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері NN 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

       2. Осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы               Облыстық мәслихат хатшысы
      Б. Абаев                            Б. Шелпеков

Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы
30 қаңтардағы N 20/355 шешіміне
1 - қосымша          

Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймақ-тар N

Аймаққа кірген шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Бағалық аймақ бойынша орта коэф.

I

Теңіз жағалауы, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері

2,00

II

NN 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27 шағынаудандар

1,60

III

NN 3, 3а, 3б, 22, 23, 24, 25, 28, 28а, 29 шағынаудандар және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жобалаған учаскелер

1,20

IV

Өнеркәсіптік аймақ

0,80

V

Оқшауланған елді мекендер; жеке тұрғын үйлерге құрылыс жүргізу үшін берілетін саяжай және басқа да жер учаскелері

0,50

Аймақтар Аймақ I

      Бірінші аймаққа өнеркәсіп орындары пайдаланып отырған, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелерін қоспағанда, түгел теңіз жағалауы белдеулері кіреді. Бұл аймақта мейрамхана, кафе, қонақ үйлер, жағажайлар, демалыс және мәдениет паркі, спорт кешендері және басқа да қоғамдық мақсаттағы орындар орналасқан.
      Тұрғын үй қоры оқшауланған жер алабын қамтып отырған, коттедждік құрылыспен беріліп отыр.

Аймақ II

      Екінші аймақ транспорттық қолайлы (10-15мин) қала орталығына жақын аймақта орналасқан. Бұл N2,4-15,26,27 шағынаудандар.
      Осы аймақта негізгі әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, мешіт, мейрамханалар, кафелер, барлар, ойын бизнесінің нысандары, супермаркеттер, дүкендер, банкілер, және басқа да жоғары табысты нысандар орналасқан.
      4-5, 7-11 қабатты жай құрылысты тұрғын ғимараттар, сондай-ақ, жоғары комфортты тұрғын кешендер. Бос жер учаскелерінің тапшылығының себебінен, жаңа құрылыс нысандарын салу шектеулі.

Аймақ III

      Үшінші аймақта N3, 3а, 3б, 22-25; 28, 28а және 29,30 сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылыстарына жобаланған жер учаскелері орналасқан (Ақтау қаласының аумақтарын аймақтарға бөлу схемасына сәйкес аэропорт жолының бойы).
      Тұрғын қор 3-5-9 қабатты жоспарланған құрылыс жобасымен берілген.
      Осы аймақта да әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

Аймақ IV

      Төртінші аймақта барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

Аймақ V

      Бесінші аймақта оқшауланған елді мекендер біріктіріледі: Маңғыстау, Қызылтөбе, Баянды Өмірзақ селолары және жеке тұрғын үйлерге құрылыс жүргізу үшін берілетін саяжай, басқа да жер учаскелері (көрсетілген селолық округтар жанында орналасқан).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады