Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 588 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 ақпанда N 3589 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.01.30 № 50 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік процедуралар туралы" Заңының 9-1-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысының аумағында таратылатын шет ел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі

 

Әкімдіктің           
2007 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 588 қаулысына қосымша   
 

Қостанай облысының аумағында таратылатын шет ел бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу мемлекеттік қызметін көрсетудің
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      "Қостанай облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу".
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
      автоматтандырылмаған.
      3. Аталған қызмет түрі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
      "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесіне.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
      Қостанай облысының аумағында (өңірінде) қаласында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының есепке қойылғандығы туралы анықтама.
      6. Аталған мемлекеттік қызмет Қостанай облысының аумағында шет ел бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) өтініш пен оған қосымша құжаттар тіркелген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген, талон алған) кезде, электрондық сауалды қалыптастырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут.
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут.
      8. Қызмет тегін көрсетіледі.
      9. "Қостанай облысының аумағында таратылатын шет ел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты Қостанай облысы әкімінің ресми сайтында www.кostanay.кz орналастырылған, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 503 кабинет.
      10. Жұмыс кестесі: шет ел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу бойынша құжаттарды қабылдау Қостанай облысының ішкі саясат департаментімен жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған, өртке қарсы қауіпсіздіктің талаптары сақталған.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) таратушының мәртебесiн, таратылатын шетелдiк БАҚ толық атауларының тізбесін, таралу аумағын, тілін (тілдерін), негiзгi тақырыптың бағыттығын, мерзiмдi баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды санын, хабарларын тарту көлемiн көрсетумен шетелдiк БАҚ есепке алу туралы өтiнiш;
      2) таратушы жеке тұлға үшiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      3) заңды тұлға үшін заңды тұлғаны (филиалды немесе өкiлдiктi) мемлекеттiк тiркеу (есепке алу) туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      Шетел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу бойынша құжаттарды қабылдау Қостанай облысының ішкі саясат департаментінде жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, телефон: 8 (7142) 575-354, N 503 кабинет.
      13. Қостанай облысы әкімінің сайты: www.кostanay.кz.
      14. Толтырылған өтініш пен басқа да қажетті құжаттар мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 503 кабинет, телефон: 8 (7142) 575-354.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат қол хат болып табылады.
      16. Өтінілген шет ел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтаманы жеке тұлға немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекесеніне мына мекен мекен-жай бойынша алады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 503 кабинет, телефон 8 (7142) 575-354.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту негіздері болып мыналар табылады:
      1) шетелдік БАҚ есепке алу ережесімен көзделген барлық қажеттi құжат ұсынылмауы;
      2) шетелдік БАҚ тіркеу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес ақпарат көрсетiлуі;
      3) шетелдiк БАҚ материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекеттiк қауiпсiздiгiн әлсiретудi, соғысты, әлеуметтiк, тектiк-таптық, дiни, нәсiлдiк, Ұлттық және рулық артықшылықты, қатыгездiктi, зорлыққа табынуды және порнографияны насихаттауды немесе үгiттеудi қамтуы;
      4) таратушыға қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмiнің болуы;
      5) шетелдiк БАҚ өнiмiне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешiмiнің болуы.
      Шетелдiк БАҚ есепке алу туралы анықтамасын тоқтата тұруға не керi қайтарып алу таратушымен Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзған жағдайларда сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Қызметті тұтынушыға қатысты жұмыс қағидаттары сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығын қамтамасыз ету, құжаттардың тұтынушы алған сәтіне және қызметті көрсету мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
 

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
 

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 503 кабинет.
      22. Шағым "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мекемесіне мына мекен-жай бойынша беріледі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 501 кабинет.
      23. Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орынын "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесіне мына мекен-жай бойынша білуге болады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 501 кабинет, телефон 575-190.
 

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, басшы орынбасарының, бөлімнің байланыс деректері:
      1) "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры: телефоны: 8 (7142) 575-190, қабылдау уақыты әр айдың 2, 4 сәрсенбісінде - сағат 10.00-ден 13. 00-ге дейін;
      2) "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары: телефоны: 8 (7142) 575-191, қабылдау уақыты әр айдың 1, 3 дүйсенбісінде - сағат 10.00-ден 13. 00-ге дейін;
      3) Жоғары ұйымның байланыс деректері - Қостанай облысының әкімдігі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, телефон: 575-039, № 705 кабинет.
      25. "Қостанай облысының аумағында таратылатын шет ел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсету мәселесі бойынша кеңесті 575-354 телефонына қоңырау шалып алуға болады. Жұмыс кестесі: күнде сағат 09.00-ден 18. 00-ге дейін, үзіліс - сағат 13.00-ден 14. 00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      "Қостанай облысының аумағында   
таратылатын шетел бұқаралық ақпарат
құралдарын есепке алу" мемлекеттік 
қызметін көрсетудің стандартына  
қосымша              
 

      Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылда-
ғы нысаналы
мәні

Көрсеткіштің
есепті жылда-
ғы ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

100

100

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85

85

85

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың
(жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар
және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

80

80

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

50

50

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы
түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5

0

0
(арыздар
түскен жоқ)

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

100

0
(арыздар
түскен жоқ)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. Шағымдану мерзіміне канағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады