"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1971 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-94 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
 

      3. Осы қаулы алғаш  ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі

Петропавл қаласы әкімдігінің  
2007 жылғы 11 желтоқсандағы   
N 1971 қаулысымен бекітілген  

"Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет - Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті басқару туралы" N 148 Заңының "Халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешеді, халықтың әлжуаз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оларға қайырымдылық көмегін көрсетуді үйлестіреді" 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына енгізілген өзгерістермен (2005 жылғы 10 мамырдағы м/т N 13-1-6) қала әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі қала әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы N 583 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (м/т N 13-1-41, 2006 жылғы 22 маусымдағы "Проспект СК" газетінің N 22), қала әкімдігінің 2007 жылғы 5 наурыздағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 276 қаулысымен (м/т N 13-1-65, 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Проспект СК" газетінің N 16, 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Қызылжар нұры" газетінің N 16), қала әкімдігінің 14 маусымдағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 755 қаулысы (мемлекеттік тіркелу N 13-1-77, 2007 жылғы 3 тамыздағы "Проспект СК" газетінің N 31, 2007 жылғы 3 тамыздағы "Қызылжар нұры" газетінің N 32): "Әлеуметтік көмек көрсету және төлеуге студенттер контингентін анықтау жөніндегі, әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі".
      4. Мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік орган "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ; "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қазынашылық), Екінші деңгейдегі банктер және "Қазпочта" АҚ.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындау, немесе тағайындамау туралы хабарландыру.
      6. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - он күнтізбелік күннен кем емес.
      Ескерту. 7) тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1526 Қаулысымен
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын орналастыру орны: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетілетін  шартты орындар - күту залы, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін - пандус, отыру орындары.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
      1) өтініш бланкісін "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқықтық және ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің маманы береді, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 22 кабинет, телефоны 344492.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс уақыты сағат 9-дан 18-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-тен 14-ке дейін.
      2) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Петропавл қаласы халқына қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі береді, М. Әуезов көшесі, 157 үй, телефоны 333264.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс уақыты сағат 9-дан 18-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-тен 14-ке дейін;
      3) өтініш берушінің тұратын жері туралы азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Петропавл қаласы халқына қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі береді, М. Әуезов көшесі, 157 үй, телефоны 333264.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс уақыты сағат 9-дан 18-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-тен 14-ке дейін;
      4) отбасының табысы туралы анықтама отбасы мүшелерінің жұмыс істейтін орындары бойынша кәсіпорын, мекеме және ұйым  басшылары береді;
      5) білімі туралы құжат, орта оқу орнын тәмамдағаны туралы куәлікті жалпы білім беретін мектеп береді;
      6) кешенді тестілеу қорытындылары туралы белгіленген үлгідегі сертификаттың көшірмесін жалпы білім беретін мектеп береді;
      7) білім алу туралы Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орнымен келісімді білім беру қызметін көрсетуге оқыту туралы келісім жасаған Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орны береді.
      Ескерту. 12) тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1526 Қаулысымен
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк берілетін орын (өтініш нысандарды және т.с.с):
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқықтық және ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 22 кабинет.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқықтық және ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөліміне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 22 кабинет телефоны 344492.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға өтінішті қабылдағаны туралы талон беріледі.
      16. Қызмет көрсету тәсілдері - әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы нәтижесін почта арқылы жіберіледі немесе "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен қолға беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға жоғары оқу орнына түскені туралы жалған мәлімет беру немесе анықталмаған құжаттарының мәліметі негіз болады

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға қызмет көрсетуге қатысты мемлекеттік органның басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
      1) әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
      2) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      3) Мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен алуға болады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет.
      22. Шағым:
      1) "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастыққа немесе орынбасарына беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01.
      2) "Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы:
      Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі,64, телефоны 465648, N 213 кабинет.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттар: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу және азаматтардың жазбаша жүгінулерін есепке алу журналы.
      Шағымға жауап алатын орын- "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18.

6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почта мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 27 кабинет, телефоны: 31-11-35, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады