"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1973 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-98 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
      3.  Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімі

Петропавл қаласы әкімдігінің   
2007 жылғы 11 желтоқсан      
N 1973 қаулысымен        
бекітілген           

"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы 1092 қаулысымен бекітілген Балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау және төлеу ережелерінің 29 пункті "Жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе поселке, ауыл(село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжат келіп түскеннен бастап он жұмыс күні ішінде істер қалыптастырады және жәрдемақы тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдайды".
      4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесі ұсынады.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): хабарлама (хат).
      6. Әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы тұтыну себетінен төмен, 18 жасқа дейін балалары бар отбасылар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған кезден (талон алуға тіркелген кезден және т.с.с.) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 жұмыс күн.
      қажетті құжаттарды тапсырған кезде (талон алуға тіркелу кезінде және т.с.с.) кезекте күту уақытының барынша мүмкіндігі: 30 минут.
      құжаттарды алу кезінде кезекте күту уақытының барынша мүмкіндігі, мемлекеттік қызмет алушы ретінде файл мөлшерінің барынша мүмкіндігі: 30 минут.
      8. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мемлекеттік қызметі тегін беріледі.
      9. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету стандарты»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ғимаратының стендінде орналастырылған, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 32 кабинеттер.
      10. Жұмыс кестесі: сейсенбіден жұмаға дейін; сағат 9.00- ден сағат 13.00-ге дейін , үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған) және т.с.с.):
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратында арбашадағы мүгедектердің күруі үшін пандус, күту залында отыру орындары, құжаттар дайындау үшін үстелдер, ақпараттық стенд.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:
      балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      отбасы тұрғылықты жерін анықтайтын құжат көшірмесі
      отбасы құрамы туралы мәлімет; (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2  қарашадағы N 1092 қаулысымен бекітілген Балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау және төлеу ережелерінің 1 қосымшасына сәйкес);
      Құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы көшірмесімен бірге ұсынылады, одан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандарды және т.с.с) көрсету.
      Бланктер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде беріледі; мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 19 кабинеттер.
      14. Қажетті толық құжаттар топтамасымен өтініш "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 19 кабинет.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын талон беріледі.
      16. Қызмет көрсету тәсілі - жеке бару.
      Мемлекеттік қызмет көрсету (қабыл алмау) туралы хабарлама почта арқылы жіберіледі немесе жеке келгенде айтылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 19 кабинеттерге жеке бару.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету:
      өтініш беруші мәліметтерінің жалғандығы;
      ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігі;
      айдағы жан басына шаққанда сәйкес кезеңдегі орташа табыстың кедейлік шегінен асуы.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінгенде азаматтар:
      бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
      белгіленген үлгіде тегін өтініш алуға;
      банк шотына тағайындалған төлемдерді тоқсан сайын аударуға сенім білдіреді.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (N 24 кабинет) немесе әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына (N 27 кабинет) тікелей жүгіну арқылы жүргізіледі.
      22. Шағымдар:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  бастығына немесе орынбасарына беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 27 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 31-11-35;
      "Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім бар құжат - кесілген талон. Берілген шағымға жауап алатын орын - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24.

6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарлары,  N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01,N 27 кабинет, телефоны 31-11-35.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы телефоны 34-00-55, N 32 кабинет.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімі N 19, N 31, N 32 кабинеттер.
      "Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, телефон 46-56-48, N 213 кабинет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады