"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1978 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-101 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімі

Петропавл қаласы әкімдігінің   
2007 жылғы 11 желтоқсандағы     
N 1978 қаулысымен         
  бекітілген            

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"

1. Негізгі ұғымдар

      1. Мемлекеттік қызмет- жұмыссыз азаматтарға анықтама беру.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- ішінара автоматтандырылған
      3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңы 8 бабының 1тармағының 8 тармақшасы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі
      "Уәкілетті орган міндетті:
      жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жұмыссызға анықтама беру".
      4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ұсынады.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі)- анықтама.
      6. Мемлекеттік қызмет жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі- құжаттарды тапсырған күннен бастап бес күнтізбелік күнге дейін.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты орналасқан орын: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
      10. Жұмыс кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсету орындарының шарттары- күту залы, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін-пандус, отыруға орындықтар

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      жеке куәлік (төлқұжат);
      еңбек қызметін куәландыратын құжат;
      шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру түрін және ішкі істер органдарында тіркелу туралы белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін көрсетеді;
      анықтама алу туралы өтініш нысаны;
      анықтама нұсқасы;
      қабылданған күні және орындау мерзімі көрсетілген талонның нұсқасы;
      мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қабыл алмау туралы хабарлама нұсқасы.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс істеу және қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 13, N 14, N 15 кабинеттер, телефон: 34-42-39.
      13. Барлық қажетті өтініш бланкілері қабылдау бөлмесіндегі маманда бар.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Қызмет көрсету тәсілі- өзінің келуі.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 13, N 14, N 15 кабинеттер.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері болып табылады:
      құжаттардың толық тізбесі тапсырылмаған;
      жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелмеген.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік орган тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
      жұмыссыз азаматтарға анықтамаларды беру тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
      тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен мына мекенжайдан алуға болады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.
      22. Шағым беріледі:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 27 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 31-11-35, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
      Жоғарыда тұрған ұйымға;
      сот.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 27 кабинет, телефоны: 31-11-35, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      25. Қосымша қызметтер туралы тұтынушы үшін ақпарат:
      келген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыс алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру;
      жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу;
      жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады