Жұмыспен қамту және әлеуметтік жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2008 жылға қосымша тізімін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 326 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 қаңтарда N 13-7-61 тіркелді

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2008 жылға қосымша тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                   Н. Биболаев

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
11 желтоқсандағы № 326 қаулысына
қосымша

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2008 жылға қосымша тізімі

      1. 24 жасқа дейінгі жастар.
      2. 50 жастан жоғары тұлғалар.
      3. Дәрігерлік кеңес беру комиссиясының анықтамасы бойынша шектеу еңбегі бар.
      4. Ұзақ мерзімді жұмыс істемейтін тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады