Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 503 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 14-6-50 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 467 Қаулысымен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009.10.22 N 467 Қаулысымен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 9-1 -бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558, N 561қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жайлы қосымшасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күн
өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әжіметов

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 503
қаулысымен бекітілген

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды кезекке тіркеу және есепке алу бойынша"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

      1. Жалпы ережелер.

      1. Есепке қою - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын есепке алу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны -
автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй
қатынастары туралы" Заңының 67-75 баптарына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазығұрт ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде көрсетіледі. Мекен-жайы: Қонаев көшесі N 95 үй, 4 қабат.
      5. Аталған қызмет нәтижесінде тұтынушы жеке келіп коммуналды тұрғын үй алуға кезекке тіркелгендігі жөнінде хабарлама алады.
      6. Мемлекеттік қызмет тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазығұрт ауданының азаматтарына, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметкерлер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) қызмет көрсету мерзімі - 30 күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақыты 40 минуттан артық емес;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз.
      9. Мемлекеттік қызмет келесі мекен-жайда көрсетіледі: Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат.
      10. Жұмыс кестесі: қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі, қабылдамайтын күн: дүйсенбі. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Жұмыс уақыты: 09-00 ден 19-00 дейін. Қабылдау уақыты: 09-00 ден 19-00 дейін, түскі үзіліс: 13-00 ден 14-00 дейін.
      11. Қызмет көрсету орнының шарттары: үлгілері бар таған, кабинетте отыруға арналған орындықтар, өтініш үлгісі, құжаттар тізбесі көрсетілген стендтер.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қою үшін жиналатын құжаттар тізбесі:
      1) есепке алу бойынша жазылған өтініш;
      2) азаматтың жеке куәлігі, неке қию (ажырасу, қайтыс болу) куәлігі, балаларының туу туралы куәліктері, Әділет басқармасынан беріледі. Мекен-жайы: Қонаев көшесі, тел: 2-27-63;
      3) жанұя құрамы туралы және тіркелуі бойынша анықтама (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі), тұрғылықты жері бойынша Әділет басқармасынан және облыстық адрестік бюро (Желтоқсан 13);
      4) өтініш білдірушіге және онымен бірге тұрғылықты тұратын жанұя мүшелеріне соңғы 5 жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмегендігі жөнінде анықтама, Әділет басқармасынан беріледі. Мекен-жайы: Қонаев көшесі, тел: 2-27-63;
      5) әлеуметтік қамтамасыздандыру органынан өтініш білдірушінің (жанұясының) халықтың әлеуметтік қорғаудағы табысы аз топтарына жататындығын растайтын анықтама, Қазығұрт ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қонаев көшесі н/з, тел:2-16-70) және зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы (Қонаев көшесі н/з, тел: 2-18-77);
      6) жұмыс орнынан анықтама;
      7) қажет болған жағдайда өтініш білдіруші денсаулық сақтау
мемлекеттік мекемесінен жанұяда аурудың ауыр түрімен ауыратын азаматтың бар екендігін растайтын анықтамасын ұсынады;
      8) құжаттар тігетін папка.
      13. Өтініш нысандары мына мекен жайда беріледі: Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 2 бөлме.
      14. Жиналған құжаттар тізбесі Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 1 бөлмеге тапсырылады.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттар тізбесін тапсырған соң қабылданған күні көрсетілген тілхат алады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі өтініш білдірушіге жеке келуі Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 2 бөлмеде хабарланады.
      17. Азаматтың соңғы 5 жыл көлемінде тұрғын үй жағдайын төменде
көрсетілген себептермен қасақана нашарлатса мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебіне қоюға өтініші қанағаттандырылмайды:
      1) тұрғын үй-жайын ауыстырса;
      2) Қазақстан Республикасының белгілі бір елді-мекенінде орналасуына қарамастан, өзіне меншік құқығымен тиесілі, тұру үшін жарамды тұрғын үйді иелігінен шығарса;
      3) тұрғын үйдің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
      4) тұрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
      5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса.

      3. Жұмыс қағидаттары.

      18. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс
қағидаттары:
      1) тұтынушы құжаттарының мазмұнының құпиялылығын сақтау және қорғауды қамтамасыздандыру;
      2) қызмет міндеттерін сапалы әрі адал орындау;
      3) жұмыс уақытысын тиімді пайдалану;
      4) сыпайылық және әдептілік.

      4. Жұмыс нәтижелері.

      19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

      5. Шағымдану тәртібі

      21. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді. Мекен-жайы: Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 1 бөлме. тел: 2-14-65.
      22. Шағым аудан әкімінің орынбасарына беріледі. Мекен-жайы: Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 2-ші қабат N 2 бөлме.
      23. Шағымдар тіркеу кітабында тіркеледі, белгілі бір мезгілде қаралады және қарау нәтижелері бөлімінің N 2 бөлмесіне беріледі. Мекен жайы: Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 2 бөлме.

      6.Байланыс ақпараты.

      24. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі: Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 1 бөлме. Байланыс телефоны: 2-14-65. Азаматтарды қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі күндері 9-00 ден 13-00 ге дейін.
      Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпараттар Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесі N 95 үй, 4-ші қабат N 2 бөлмеде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманымен жүргізіледі.

     Кесте. Сапа және кол жетімділік көрсеткіштерінің мәні.

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсеткіш-
тің
есепті
жылдағы ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

100%

90%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен
тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

90%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

85%

80%

70%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

90%

85%

80%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

85%

70%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

85%

75%

65%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

90%

85%

--

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы атына негізделген шағымдардың % (үлесі)

25%

20%

30%

4.2, белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

25%

25%

20%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағатталған тұтынушылардың % (үлесі)

25%

25%

20%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

25%

25%

20%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

85%

80%

      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады