Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Ақбұлақ ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-57/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 2540 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 ақпанда N 14-10-82 тіркелді

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ақбұлақ ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 26,0 гектар жер телімі, оның ішінде: Ақбұлақ елді мекенінен 3 гектар, Өтеміс елді мекенінен 15 гектар, Шапырашты елді мекенінен 8 гектар алынып, аталған елді мекендердің шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 26,0 гектар жер телімі қосылып, Ақбұлақ, Өтеміс, Шапырашты елді мекендерінің шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Әлі
      Сессия төрағасы                            Р. Шадиев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Тулендиев
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады