Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына облыстық бюджет қаражаттары есебінен кредит берудің және қарыз алушы банктер ретінде екінші деңгейдегі банктерді анықтаудың шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 73 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 сәуірде N 2445 тіркелді. Күші жойылды - ШҚ облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 589 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚ облысы әкімдігінің 2010.10.21 N 589 қаулысымен.

      «"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес, "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 20/304-III  шешімімен бекітілген "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және ауыл шаруашылық департаментінің қарыз алушы банктерді таңдап алу бойынша конкурстық комиссиясының 2007 жылғы 14 ақпандағы N 1 хаттамасы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына облыстық бюджет қаражаттары есебінен кредит берудің шарттары бекітілсін.

      2. Қарыз алушы банктер ретінде екінші деңгейдегі мына банктер анықталсын:
      "БанкТуранӘлем" АҚ Шығыс Қазақстандағы және Семейдегі бөлімшелері;
      "Альянсбанк" АҚ Өскемен қаласындағы бөлімшесі;
      "БанкЦентрКредит" АҚ Өскемен қаласындағы бөлімшесі.

      3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына облыстық бюджет қаражаттарынан және екінші деңгейдегі банктердің кредит ресурстарынан қосымша қаржыландыру шарттары бойынша кредит беру туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 120, тіркеу N 2239, 2005 жылғы 9 сәуірде "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. <*>
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 344  қаулысымен .

      Облыс әкімі

      Келісілді:

      Шығыс Қазақстан облысы қаржы
      департаментінің директоры

      Экономика және бюджеттік жоспарлау
      департаментінің директоры

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 
2007 жылғы 4 сәуірдегі N 73   
қаулысына қосымша       

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына облыстық бюджет қаражаттары
есебінен кредит беру
ШАРТТАРЫ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       Кредиттерді берудің осы ережелері Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне , "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес әзірленген және "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 20/304-III  шешіміне сәйкес ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге бюджет қаражаттары есебінен бөлінген кредиттерді беру тәртібін анықтайды.

  2. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

      Бағдарлама әкімшісі - ауыл шаруашылығы департаменті - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттік бағдарламаның негіздемесіне және іске асырылуына жауапты мемлекеттік орган.
      Қарыз алушы банк - түпкілікті қарыз алушыларды әрі қарай кредиттеу үшін жекелеген банк операцияларын жүргізуге тиісті бюджеттерден бюджеттік кредиттер алатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алған екінші деңгейдегі банктер және басқа мекемелер. Қарыз алушы банктер конкурстық негізде анықталады.
      Түпкілікті қарыз алушы - кредитор анықтаған шарттар негізінде қарыз алушы банк беретін бюджеттік кредитті алушы заңды немесе жеке тұлға, Қазақтан Республикасының резиденті.
      Конкурстық комиссия - қарыз алушы банктердің өтінімдерін қарайтын және оларды таңдап алатын комиссия.
      Сыйақы (мүдделілік) - кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы банктің ақшалай қаражаттарын төлеу.
      Бюджеттік кредит бойынша борыш - қарыз алушы банктің бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген төлем сомасы.

  3. КРЕДИТ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кредиттеу" бағдарламасына сәйкес тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту бағдарламасының басымдықтарына сәйкес 3 жылдан 5 жыл мерзімге дейін 90 млн. теңге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 9 ай мерзіміне дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және 2 жылға картоп тұқымын жаңалауға 20 млн. теңге сомадағы кредиттерді беруге облыстық бюджеттен Бағдарлама әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне 110 миллион теңге сомадағы кредит ресурстары бөлінеді.
      Бағдарлама әкімшісі кредиттік шарттар негізінде конкурстық негізде анықталған Қарыз алушы банктерге кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарын кейінгі кезекте кредиттеу үшін қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және қамтамасыз ету шарттары бойынша кредит ресурстарын аударады.

      2. Кредит берудің мақсаты: қайта өңдеу салаларын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтарды құру, ұйымдастыру және қайта жаңғырту, ауыл шаруашылығы дақылдарының, картоптың сорттық тұқымдарын сатып алу.

      3. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін ұлттық валютамен берілетін сыйақы мөлшерлемесі республикалық және жергілікті бюджеттерді орындаудың  ережелеріне сәйкес кредитті қайтару мерзіміне байланысты:
      1) алдыңғы тоқсанда болған құнды қағаздардың екінші қайтара өткізілген рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша мемлекеттік орта мерзімдік индекстеуге жатпайтын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық валютада шығарған құнды қағаздары бойынша табыстың орта шамасындағы мөлшерлемесіне тең, мерзімі бюджеттік кредитті қайтару мерзіміне тең мөлшерде;
      2) түпкілікті қарыз алушыға - алдыңғы тоқсанда болған құнды қағаздардың екінші қайтара өткізілген рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша мемлекеттік орта мерзімдік индекстеуге жатпайтын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық валютада шығарған құнды қағаздары бойынша табыстың орта шамасындағы мөлшерлемесіне тең, сыйақы мөлшерлемесінің 2 есесінен жоғары емес мөлшерде белгіленеді.
      Ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарының сорттарын жаңартуға берілген бюджеттік кредиттерді пайдаланғаны үшін Қазақстан қор биржасының мәліметтері бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
      Қарыз алушы банк облыстық бюджетке 1-тоқсанда - жылдық 3,99 %;
      Түпкілікті қарыз алушы немесе сенімді өкіл (агент) 1-тоқсанда жылдық 6,49 %-дан жоғары емес.
      Картоп тұқымын сатып алуға берілген бюджеттік кредиттерді пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі:
      Қарыз алушы банк облыстық бюджетке 1 -тоқсанда - жылдық 4,6 %;
      Түпкілікті қарыз алушы немесе сенімді өкіл (агент) 1-тоқсанда жылдық 8,6 %-дан жоғары емес.
      Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытуға берілген бюджеттік кредиттерді пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі:
      Қарыз алушы банк облыстық бюджетке 1 тоқсанда - жылдық 4,6 %;
      Түпкілікті қарыз алушы немесе сенімді өкіл (агент) 1-тоқсанда жылдық 8,6 %-дан жоғары емес.
      Ағымдағы және одан кейінгі жылдардың екінші және одан кейінгі тоқсандарында бюджеттік кредиттерді пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның қор биржасының мәліметтері бойынша қойылады (3-бөлімнің 3-тармағы 1) тармақшасы).

      4. Ауыл шаруашылық дақылдарының сорттық тұқымдарын сатып алуға берілген кредиттерді қайтарудың мерзімі - егін жинау жұмыстары біткен соң 2007 жылдың 15 қарашасына дейін.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге картоптың сорттық тұқымдарын сатып алуға берілген кредиттерді қайтарудың мерзімі - 2007 жылдың 15 қарашасына дейін кредит сомасының 30 %, қалған сомасы - 2008 жылдың 15 қарашасына дейін.
      Сыйақы төлемі кестеге сәйкес жүргізіледі (кредиттік шарттарға қосымшалар).
      Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытуға 3 жыл мерзімге берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу:
      50 % 2009 жылдың 15 сәуіріне дейін;
      50 % 2010 жылдың 15 сәуіріне дейін.
      Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытуға 5 жыл мерзімге берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу 3 кезеңде жүргізіледі:
      20 % 2010 жылдың 15 сәуіріне дейін;
      40 % 2011 жылдың 15 сәуіріне дейін;
      40 % 2012 жылдың 15 сәуіріне дейін.
      Түпкілікті қарыз алушылар кредитті белгіленген мерзімнен бұрын қайтарған жағдайда, қарыз алушы банктер ақша қаражаттарын бюджетке 5 банктік күн аралығында аударады.

      5. Облыстық бюджетке сыйақы төлеу бюджеттік кредит қаражаттары бағдарлама әкімшісінің шотынан қарыз алушы банктің шотына аударылған күннен жүргізіледі.
      Кредитті ресімдеу және мониторинг жүргізу және Қарыз алушы банктің кредит беруге байланысты басқа да қызметтері сыйақы (мүдделілік) сомасына кіреді, комиссия ресімдеу кезіндегі кредит сомасының 1 % аспайды.

      6. Жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен бюджеттік кредиттерді беру туралы қарыз алушы банктермен кредиттік шарттарды жергілікті атқарушы органның атынан облыс әкімі немесе оның орнын басатын тұлға бағдарлама әкімшісінің қатысуымен жасайды.

      7. Кредиттің мақсатты пайдаланылуы және қайтарымы үшін қарыз алушы банк өзіне толық жауапкершілік алады.

      8. Кредиттік шарттар міндетті түрде облыстық қаржы департаментінде тіркеледі.

      9. Кредит ресурстары уақытында қайтарылмаған және мақсатсыз пайдаланылған жағдайда бағдарлама әкімшісі қарыз алушы банкке кредиттік шартта көрсетілген санкцияны қояды.

      10. Қарыз қаражаттарының облыстық бюджетке уақытында қайтарылуына қалалар және аудандар әкімдері, облыстық ауыл шаруашылық департаменті, облыстық қаржы департаменті бақылау жасайды.

      ШҚО ауыл шаруашылық
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады