Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5135 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, N 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, N 31-36, 870-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 543 бұйрығымен , мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, N 19, 163-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58 бұйрығымен , мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы  
N 8 бұйрығымен бекітілген 

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
      қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура) туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.
      Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш білдіруші), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі.
      Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) алған тұлғалар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейіне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      2. Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын оның иесіне білім алу және/немесе кәсіби қызметке рұхсат алу мақсатында ("Еуропалық өңiрдегi кәсiптiк жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы , бұдан әрі - Лиссабон Конвенциясы) уәкілетті органның ресми растауы.
      Білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.

      3. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
      Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды сәйкес құжат берумен қатар тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік саясатты орындауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіптегі функциясында жүзеге асырады.

      5. Тану және нострификациялау рәсiмiн «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5-1. Тану және нострификациялау рәсімін жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және беру Орталық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Уәкілетті орган білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді тиісті бұйрықпен ресімдейді.

      7. Уәкілетті органның төрағасы тану және нострификациялау туралы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөрімен растайды.

      8. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру білім туралы құжат иесінің, сондай-ақ сенімхаты негізінде өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері - Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi

      13. Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
      орталыққа/ХҚО:
      1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
      2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда).
      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;
      3) білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін):
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге):
      егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса (бар болған жағдайда), тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);
      4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну кажет;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат - көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) төлем туралы түбіртек.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өтініш осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді тіркейтін арнайы журналда немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚО ЫАЖ) базасына тіркеледі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15-1. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша ресми түрде жолдаған өтінішіне жауап бермеген жағдайда, білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айға ұзартылады.
      Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияға (Лиссабон Конвенциясы) қатысушы елдердің білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен куәлік беру арқылы танылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Тану рәсіміне жататын білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – ҚР МЖБС) сәйкестігін анықтау үшін сараптаудан өтпейді. Ішкі сараптау комиссиясы шешімі негізінде Орталық уәкілетті органға білім туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс енгізеді. Ішкі сараптау комиссиясы уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық қызметкерлері қатарынан құралады және Орталық директорының бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Орталық білім туралы құжатты тану туралы шешімнің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша куәлік ресімдейді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Уәкілетті органның білім туралы құжатты тану туралы шешімі негізінде Орталық осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімдейді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өзіне немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.

3. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi

      22. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
      орталыққа/ХҚО:
      1) білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;
      2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда).
      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;
      3) білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін):
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге):
      егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса (бар болған жағдайда), тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);
      4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат - көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) төлем туралы түбіртек.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Орталықта өтініш осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініштерді тіркейтін арнайы журналда немесе ХҚО ЫАЖ базасына тіркеледі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан уақыттан бастап төрт айды құрайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24-1. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі мынадай жағдайда ұзартылады:
      1) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 айға ұзартылады;
      2) егер білім туралы құжат ҚР МЖБС сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 айға ұзартылады.
      Ескерту. Ереже 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Білім туралы құжатты нострификациялау рәсіміне қорытындылау ресімінің және қабылданған шешімнің негізінде сараптама жүргізу енгізіледі.

      26. Сараптама екi бөлiмнен тұрады:
      1) негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардан басқа, білім туралы құжаттардың тұпнұсқалығын анықтау;
      2) бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау жүргізілгеннен кейін шетелде алған бiлiмнің мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының мемлекеттік талаптардың ең төменгі шегі және оқу орнын бітірушілердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау рәсімі.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін анықтауды сараптау топтары жүзеге асырады. Білім деңгейлері бойынша саны 3-5 адамнан тұратын сараптау топтары уәкілетті органның бұйрығымен білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан құрылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27-1. Нострификация рәсіміне жататын білім туралы құжаттар ҚР МЖБС сәйкестігіне сараптаудан өткеннен кейін білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша сараптау коммисиясының отырысында қаралады. Сараптау коммиссиясының шешімі негізінде, Орталық уәкілетті органға білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсыныс енгізеді. Білім деңгейлері бойынша сараптау комиссиялары уәкілетті органның бұйрығымен саны 11-13 адамнан тұратын білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан және саны 3 адамнан аспайтын Орталықтың қызметкерлері арасынан құрылады.
      Ескерту. Ереже 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
      1) оқу мерзiмi;
      2) оқытылған пәндер тiзбесi.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
      1) оқу мерзiмi;
      2) оқытылған пәндер тiзбесi мен көлемі;
      3) практиканың бар болуы;
      4) қорытынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы. Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.
      Ескерту. Ереже 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Өтілген бейінді пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35%-дан асқан кезде Орталық 1 ай ішінде өтініш білдірушіні тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді. Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш білдірушінің білім туралы құжаттары Орталықтың сараптау комиссиясының отырысында қаралады, керісінше жағдайда, құжаттар пакеті иесіне кері қайтарылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

      31. Өтініш беруші сараптау материалдарымен танысуға құқылы.

      32. Орталық уәкілетті органға:
      1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;
      2) шетелден алған білім мазмұны ҚР МЖБС сәйкестігі туралы оң сараптама қортындысы;
      3) Қазақстандағы және білім туралы құжатты берген елдегі білім құрылымындағы жалпы талаптардың сәйкестігі;
      4) прецендент негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы теріс қорытынды қабылданады, егер:
      1) Шет мемлекеттердің негізгі және жалпы орта білім берудегі жалпы нормативтік оқу ұзақтығы ҚР МЖБС стандартына қарағанда кем дегенде бір жылға аз.
      2) бiлiм туралы құжат берiлген елде құжат иелерiне Қазақстандағыдан аз академиялық және/немесе кәсiптiк құқық берiлсе (мысалы, ондай бiлiм туралы құжат иелерiнiң жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсiби iске араласуына құқылары жоқ);
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлікке білім туралы құжат иесінің кәсіптік және/немесе академиялық құқығы шектелгендігі туралы жазба енгізілуі мүмкін.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсынысты уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      36. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде осы Қағидалардың 4-9-қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты арқылы басқа тұлғаға берiледi.

4. Қорытынды ережелер

      38. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтiнiштердi тiркеу журналы қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады және 10 жыл мерзiм бойы сақталып, содан соң белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұрағатқа мерзiмсiз сақтауға тапсырылады.

      39. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәліктері осы Қағидалардың 10-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес білім беру туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктер беретін арнайы журналға тіркеледі. Аталған журналдың парақтары белгіленген тәртіппен нөмірленуі және тігілуі керек.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Егер тұлға өзiнiң бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, куәлiктi тану және нострификациялау туралы дубликаты (бұдан әрi - дубликат) берiледi.

      41. Білім туралы құжаттың тану/нострификациялау туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда өтініш беруші орталыққа/ХҚО мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) дубликат беру туралы өтініш;
      2) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін):
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
      3) Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;
      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат - көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      5) төлем туралы түбіртек.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликаты түпнұсқада көрсетілген, тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына «Дубликат» деген жазу жазылады.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      42-1. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау куәлігінің дубликатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айды құрайды.
      Ескерту. Ереже 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43. Дубликат өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.

      44. Дубликат беру туралы мәліметтер осы Қағидалардың 11-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәліктері тіркелетін арнайы журналға енгізіледі.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 1-қосымша   

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                            үлгі

       Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді
                        тіркеу журналы

Рет-
тік
тір-
кеу
N

Өтін-
ішті
тіркеу
күні

Өтініш
беруші-
нің тегі,
аты, әке-
сінің аты

Білім
дең-
гейі

Оқыған
мемле-
кеті

Білім
туралы
құжат-
тың
нысаны

Құжат-
тың
сериясы
мен
нөмірі

Кім
және
қашан
берген

Ескерт-
пелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 2-қосымша 

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                           Үлгі

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
         (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
            нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

        БТ        N 000001

Осы білім туралы  _______________________________________________
_________________________________________________________________
             (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
_________________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады.

Негіздеме: ______________________________________________________
_________________________________________________________________

Мөрінің орны               Комитет төрағасы ____________________
                                                    (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________

20____жылғы "______" ________________

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 3-қосымша 

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                           Үлгі

         Білім туралы құжаттарды нострификациялау
            туралы өтініштерді тіркеу журналы

Рет-
тік
тір-
кеу
N

Өтініш-
ті тір-
кеу күні

Өтініш
беруші-
нің те-
гі, аты,
әкесі-
нің аты

Білім дең-
гейі

Оқы-
ған
мем-
ле-
кеті

Білім
туралықұжат-
тың
нысаны

Құжат-
тың
сериясы
мен
нөмірі

Кім
және
қашан
берген

Ескерт-
пелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау    
қағидаларына 4-қосымша  

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                            Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                              КУӘЛІК
            (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
               нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

    ЖБ-ІІ        N 0000012

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
                 (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_________________________________________________берген құжат сәйкеc
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
___________________________________________________мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары
оқу орнынан кейінгі білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп
куәландырылады.

      Негіздеме: ___________________________________________________
                 ___________________________________________________

Мөрінің орны             Комитет төрағасы   ________________
                                                 (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "_____"________________

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                            Үлгі

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
            Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
           (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
              нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ЖБ-І      N 0005330

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
              (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_________________________________________________берген құжат сәйкеc
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
___________________________________________________мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары
білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп куәландырылады.
Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                 Комитет төрағасы ___________________
                                                    (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "_____" ________________ 

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

                                                                Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                          КУӘЛІК
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
             нотариалдың расталған аудармасымен нақты)

      ТКБ     N 0001507
      Осы білім туралы ____________________________________________
___________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
________________________________________________берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен________________________________________________
__________________________________________________мамандығы бойынша
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________біліктілігі қоса берілген
техникалық-кәсіптік білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп
куәландырылады.

Негіздеме: ________________________________________________________
___________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                     (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ________________ 

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.      
                                                         Үлгі

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
             Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
             нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ОБКБ      N 0001507

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
________________________________________________ берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
__________________________________________________ мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________біліктілігі қоса берілген орта
білімнен кейінгі білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп
куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ______________

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                          Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
          Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
         (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
            нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ЖОБ    N 0000012  

      Осы білім туралы _____________________________________________
____________________________________________________________________
             (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_______________________________________________________берген құжат
жалпы орта білім туралы қазақстандық аттестатқа баламалы деп
куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ______________

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                           Үлгі

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
          Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                           КУӘЛІК
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
              нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      НОБ     N 000002

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

берген құжат негізгі орта білім туралы қазақстандық куәлікке
баламалы деп куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ______________ 

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                           Үлгі

    Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау
            жөніндегі куәліктерді беру журналы

N
N№№

Куә-
лік-
тер-
ді
бер-
ген
күні

Куә-
ліктің
серия-
сы мен
нөмірі

Өтініш беру-
шінің тегі,
аты,
әкесі-
нің
аты

Тану
немесе
ностри-
фикация

Қоса
беріл-
ген
маман-
дық

Қоса
беріл-
ген
білік-
тілігі

Құқық-
тық
теңді-
гімен

Өтініш
беруші-
нің
қолы

Беріл-
гені
туралы
белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау  
қағидаларына 11-қосымша

       Ескерту. 11-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
                                                          Үлгі

   Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау
      жөніндегі куәліктердің дубликатын беру журналы

N
N

Өтініш беру-
шінің
тегі, аты,
әкесінің аты

Дубли-
каттың
сериясы
мен
нөмірі

Дубли-
катты
берген
күні

Куәліктің
сериясы,
нөмірі
және бер-
ген күні

куәліктің
жоғалғаны
жөнінде
растайтын
құжаттар

өтініш
беруші-
нің қолы
(дубликат-
ты бергені
туралы
белгі)

1

2

3

4

5

6

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады