Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 613 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5499 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                             Ж. Түймебаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрі
      ________________ М. Тәжин
      26 желтоқсан 2008 жыл

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 19 қарашадағы  
N 613 бұйрығымен бекітілген

Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.12.30 № 549 бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармағына сәйкес әзірленді және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы Қағиданың шарттары «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде конкурсқа қатысушы үміткерлерге таратылмайды.
      3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:
      1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру;
      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

2. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберуді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары:
      1) халықаралық келісімдер (халықаралық бағдарламалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер, алмасу және стипендиялық бағдарламалар);
      2) Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдары арасындағы шарттар негізінде іске асырады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін білім саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ білім беру ұйымдары үміткерлерді іріктейтін конкурстық комиссияларды құрады.
      6. Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:
      1) шет тілін білу деңгейі;
      2) білім туралы құжаттың орташа балы;
      3) білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;
      4) академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлер үшін өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Шетелге оқуға жіберу үшін білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
      1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
      2) шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырған сауалнамасы;
      3) жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);
      4) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);
      5) бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK және т.б.);
      6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама);
      7) бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
      8) бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;
      9) транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін).
      Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;
      10) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
      11) бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).
      8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы толық ақпарат білім саласындағы уәкілетті органның және білім ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      9. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
      9-1. Академиялық оралымдылық шеңберінде білім алушыларды қаржыландыру:
      1) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін республикалық бюджет қаражаты;
      2) жоғары оқу орындары ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері;
      3) жұмыс берушілер, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестер, халықаралық және отандық қорлар гранттары және стипендиялар;
      4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9-2. Академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға бюджет қаражатын бөлу кезінде жоғары оқу орындарын конкурстық негізде іріктеудің негізгі өлшемдері:
      1) шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен келісімдердің және шарттардың болуы;
      2) жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингке қатысуы;
      3) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
      4) бітірушілердің жұмысқа орналасуы 70% кем емес.
      Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу үшін білім беру ұйымдары келесі құжаттарды қабылдайды:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру қағидасына (бұдан әрі – КТО қағидасы) сәйкес нысан бойынша білім алушының өтініші;
      2) ұсыным хаттар;
      3) дербес оқу жобасы;
      4) транскрипт көшірмесі (білім алушы үшін);
      5) медициналық анықтама;
      6) шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі;
      7) ЖОО-ның шетелге жіберу туралы бұйрығының көшірмесі;
      8) академиялық оралымдылық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
      9) білім алушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім.
      11. Академиялық оралымдылық шеңберінде әр мамандық бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен шартқа қол қойылатын шетелдік жоғары оқу орындарының-серіктестердің тізімі білім беру ұйымдарымен анықталады.
      12. Іріктеуден өткен үміткерлермен КТО қағидасымен бекітілген нысан бойынша үшжақты келісім жасалады.
      13. Оқытушылар академиялық оралымдылық шеңберінде білім саласындағы ұсынылатын қызметтің сапасын көтеруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу үшін оқуға жіберіледі.
      14. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміткерлердің тізімі білім беру саласындағы уәкілетті органның және білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында конкурстық комиссия отырысынан кейін екі күнтізбелік күн ішінде орналастырылады.
      15. Іріктеуден өткен және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміткерлердің жеке ісі он жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалған шетелдің дипломатиялық өкілдігіне және/немесе шетел мемлекетінің білім беру ұйымдарына жіберіледі.
      16. Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі оқыту елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда дербес анықталады.

Шетелге, оның ішінде академиялық
оралымдылық шеңберінде оқуға  
жіберу қағидаларына     
қосымша           

Нысан  

Шетелге оқуға баратын
Қазақстан Республикасы азаматының
сауалнамасы


Фото 3*4

1

Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – аты-жөні)


2

Туған күні


3

Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)


4

Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы, телефон нөмірі


5

Қазіргі тұратын мекен-жайы,
телефон нөмірі, электрондық поштасы


6

Жалпы орта білім беру ұйымының атауы


7

Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы


8

Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы


9

Сіз шетелде оқыдыңыз ба?
Қайда (ел)?
Оқу кезеңі.
Оқу орнының атауы,
оқу бағдарламасы
(бакалавриат, магистратура)


10

Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер,өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.)


11

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (мақалалардың, оқу-әдістемелік әзірлемелердің, авторлық куәлiктердің, рефераттардың, мақтау қағаздарының және т.б. көшірмелерін қоса беріңіз)


12. Жақын туыстар туралы ақпарат (ата-анасы, аға-інілері, апа-сіңлілері, жұбайы, балалары, қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері):

Туыстық дәрежесі

Аты-жөні, туған күні, айы, жылы

Жұмыс (оқу) орны, лауазымы,
жұмыс телефоны

Үйінің мекен-жайы,
индекс, телефон,
қала коды

Әкесі




Анасы




Аға-інілері




Апа-сіңлілері




Жұбайы




Балалары




Қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері




13. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарындағы оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

Мерзімі

Ұйым және ондағы лауазымы

Мекен-жайы

Бастау

Аяқтау



















14

Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын)


15

Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай?


16

Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері:
нөмірі
кіммен берілді
қашан берілді


17

Оқуға баратын ел атауы


18

Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық


Ескертпе:
Сауалнама баспа әріптерімен толтырылады. Сауалнама және қоса берілетін құжаттардың барлығы тезтікпеге тігіледі. Тезтікпенің тысында келесі мәліметтер көрсетілуі қажет: аты-жөні, үйінің мекен-жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы, курсы, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер үшін – ғылыми зерттеулер бағыты және диссертация тақырыбы.

      Қолы_____________________ Күні __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады