Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 642 бұйрығымен бекітілген |
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Жалпы ережелер
1. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.09.2013 № 437 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;
концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
концессия объектінің құрылған сәті – концессия объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күн;
концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi саласында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Объектілерді мемлекеттік меншікке:
республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган;
коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
2. Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау
тәртібі
4. Концессионер мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін құрған (салған) сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде немесе концессия шартында көзделген мерзімде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына – республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына – коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты мемлекеттік меншікке концессия объектісін қабылдау туралы өтініш жасайды және құжаттарды осы Қағидалардың қосымшасында келтірілген концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау үшін концессионер мемлекеттік органға ұсынатын құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессионердің өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде тиісінше концессия шартына сәйкес республикалық меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін салудың (құрудың) аяқталғаны туралы концессионердің өтініші және осы концессия объектісін мемлекеттік меншікке қабылдау мүмкіндігін қарау туралы республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді.
6. Тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының хабарламасында мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессияның көрсетілген объектісін бекітіп беру көзделетін мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі және көрсетілген концессия объектісін бекіту туралы мемлекеттік заңды тұлғаның жазбаша келісімі қоса беріледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.09.2013 № 437 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары хабарлама алғаннан кейін 10 күндік мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдауға және де оны мемлекеттік заңды тұлғаға беруге жататын концессия объектілерін тиісінше республикалық және коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін концессионер мен мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісі бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін қабылдап алу-беру актісін ресімдейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қабылдап алу-беру актісін ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі жасалады.
10. Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісіне мемлекеттік тіркеу құқығы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.05.04 N 237 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.3. Қорытынды ережелер
11. Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін беру және қабылдау кезінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қарастырылады.
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша |
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды жүзеге
асыру үшін концессионер ұсынатын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.09.2016 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Құжаттың атауы |
1. | Концессия шарты |
2. | Концессия объектіні пайдалануға қабылдау актісі |
3. | Концессионердің құрылтай құжаттарының, концессионердің әділет және салық органдарында мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелері |
4. | Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісінің құнын растайтын құжат |