Халықтың нысаналы топтарын және 2008 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 23-76қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 19 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 487 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысымен

       Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ қаулысымен
_______________________________________

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) аз қамтылғандар;
      2) 21 жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығатын (зейнеткерлік жасына екі жыл қалған) тұлғалар;
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар.

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
      2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын Департаментке толық көлемде ақпарат берсін;
      3) Департаментке бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
      4) Департамент берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Департамент оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.

      4. Департамент әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.

      5. "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2007 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 23-9қ қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қаңтарда N 458 болып тіркелген, 2007 жылғы 8 ақпандағы N 21-22 "Астана хабары" және 2007 жылғы 8 ақпандағы N 22-23 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкiм

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады