2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 48/8-ІV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 489 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 202/31-IV шешімімен

       Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 202/31-IV шешімімен
__________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 462-бабына , 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына,  101-бабының 4-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 308/40-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2007 жылға төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 16 қаңтарда 454 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 08 ақпанда N 21-22, 2007 жылғы 22 ақпанда N 32-33 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 ақпанда N 20-21 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылды.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

                                        Астана қаласы мәслихатының
                                         2008 жылғы 30 қаңтардағы
                                         N 48/8-ІV шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.30.01 N 48/8-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз).

      2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған
             ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары

Р/с
N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қалдықтардың
қауіптілік
деңгейі

Шекті
ставка,
теңге

1.

Ластаушы заттардың
тұрақты көздерден
шығарындылары 1

шартты тонна


582

2.

Ластаушы заттардың
қозғалмалы көздер-
ден шығарындылары:

пайдаланылған
отынның тон-
насы (бұдан
әрі - тонна)



этилденбеген бензин
үшін


384

дизель отыны үшін


730

сұйытылатын,
сығылған газ үшін


404

3.

Ластаушы заттардың
төгінділері:

шартты тонна



- су көздеріне 2


31839

жинақтауыштарға,
сүзу алаңдарына,
жер бедеріне


1100

4.

Коммуналдық (қатты
тұрмыстық)
қалдықтар 3

тонна


227,5

5.

Өнеркәсіптік
қалдықтар





- өндіріс пен
тұтынудың қауіпті
қалдықтарын поли-
гондарда, жинақтау-
ыштарда, санкция-
ланған үйінділерде
және арнайы беріл-
ген орындарда орна-
ластыру

тонна

"қызыл тізім"

8332

"янтарь тізім"
 

4166

"жасыл тізім"

1041,5

жіктелмегендер

521


Бұдан басқа:

  тонна



аршынды жыныстар 4


10,7

күл мен күлшлактар 4


18,1

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдық-
тары


10,5

      Ескертпе:
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,75 коэффиценті;
      4 0,75 коэффиценті;
      2) қоршаған орта эмиссиясына төлем ставкалары үшін:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері, коммуналды қызмет корсету кезіндегі қалыптасқан, эмиссия көлеміне, келесі коэффициенттер енгізіледі:
      1 коэффициент 0,3;
       2 коэффициент 0,43;
       4 коэффициент 0,25;
      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      3 0,2 коэффиценті;
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолдаған жөн;
      5) жеңілдік коэффиценттерін қолдану, ескертпедегі 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған қоршаған ортаға эмиссияның жоғарғы нормативтік көлемі үшін төлемдерге жайылмайды.

      Ескерту: Ескертпеге өзгертулер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.09.07 N 122/18-IV шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді).

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады