2008 жылы Көкшетау қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы N А-1/102 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 18 ақпанда N 1-1-78 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № А-2/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/266 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "ҚазақстанРеспубликасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" (бұдан әрі - халықты жұмыспен қамту туралы Заңы) және 2005 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы"  Заңдарына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілесін.
      2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын кәсіпорындардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
      3. 2006 жылғы 23 ақпанда N 8 "Көкшетау" және 2006 жылғы 23 ақпанда N 8 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-36 болып тіркелген 2006 жылғы 30 қаңтардағы "Көкшетау қаласында халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына көмек көрсету бойынша шаралар туралы" N А-1/125 қаулының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.

       Қала әкімі     

  Қосымша        
2008 жылғы 24 қаңтардағы
N A-1/102 Көкшетау қаласы
әкімдігінің қаулысымен 
бекітілген      

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын кәсіпорындардың тізбесі

N
р/с

Кәсіпорындардың атауы

Орын
саны

1.

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тазалық"» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

4

2.

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Авариялық- жөндеу қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2

3.

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкшетау Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2

4.

"Гормолзавод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

1

5.

"Васильков таукен-байыту комбинаты"» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

1

6.

"Көкшетау қаласының білім бөлімі"» мемлекеттік мекемесі

6

7.

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы N 2 "Аудандық жылу қазандығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

3

8.

Ақмола облысы бойынша денсаулық сақтау департаментінің жанындағы "Ақмола облыстық аурухана" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)  

4

9.

Ақмола облысы бойынша денсаулық сақтау департаментінің жанындағы "Көкшетау қалалық аурухана" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)  

3

10.

"НОВОПЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

1

11.

Ақмола облысы бойынша денсаулық сақтау департаментінің жанындағы "Қалалық емхана" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) 

2

12.

"Кофар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

1

13

"AGRIMER-ASTYK" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

1

14.

"Көкшетау автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

1

15

"Той Дастархан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

3

16.

"Қазпошта" акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

1

17.

"НПО ЮНА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)  

1

18.

Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің "Облыстық қан орталығы"» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)                                

2

19.

"Береке-Көкше" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)           

1

20.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (келісім бойынша)  

2

21.

Көкшетау университеті (келісім бойынша)  

1

22.

"Енисей -Көкше бірлескен кәсіпорыны"» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  (келісім бойынша)  

1

23.

"Отан" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Көкшетау филиалы (келісім бойынша)  

1


Барлығы

45

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады