2009 жылға Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N А-611 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қаңтарда N 1-4-124 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № А-120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2009.02.13 № А-120 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:
      1.2009 жылға Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі бекітілсін.
      2."Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылда кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырсын.
      3. Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындары жасалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысы бюджет қаржысынан және жұмыс берушінің төлемақы шығынынан төлем жүргізілсін.
      5. "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылда аймақтық әлеуметтік экономикалық даму жоспарының орташа көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6.Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы аудан әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
      7.Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне және ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң әрекетіне енеді.

      Аршалы ауданының әкімі            Е.Маржықпаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Аршалы ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                            Б.Сыздықова

      «Аршалы ауданының қаржы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                   Е.Андрух

Аршалы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 23 желтоқсандағы № А-611
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

Аршалы ауданында 2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1.Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру осы Ережелер (әрі қарай Ереже) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жене қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншік түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізгі шарттарды және есептеу жүйесін реттейді.
      2.Осы Ереженің құқықтық әрекеттік негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы болып табылады.
      3.Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктемелер:
      1)әлеуметтік жұмыс орны- мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орны. Бұл орынға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмыс берушінің шығысының белгілі бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі;
      2)жұмыспен қамту мәселері бойынша өкілетті орган - жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін және әлеуметтік жағынан жұмыссыздықтан қорғайтын құрылымдық бөлімше;
      3)мақсатты топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға душар болған және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы.
      4.Әлуметтік жұмыс орындарға орналастырылған азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамтамассыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері айтылады.
      5.Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.

2.Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

      6.Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін жергілікті бюджет өтей отырып, анықтайды немесе құрады.
      7."Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жөнінде және еңбекақы шағысының бір бөлігін өтеу туралы жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.
      8.Мақсатты топқа жататын жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орнына орналасудың басым құқығына ие.

3.Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары

      9.Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақыларын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      10.Жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
      11.Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен төленетін еңбекақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.
      12.Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы жергілікті бюджеттен алты айдан кем емес мерзімде, еңбекақының ең аз мөлшерінің 50 пайызы көлемінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады.
      13.Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақыларын төлеу үшін шыққын шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзім өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындағы жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі және бюджеттен өтелмейді.

4.Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің орындалуына бақылау жасау

      15.Ереженің сақталуын бақылауды "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2009 жылда әлеуметтік жұмыс орындары жасалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ

р/с

Кәсіпорындар

атауы

Мамандықтар

Жасалған жұмыс орнының саны

Бекітілген келісім шарт сомасы

1.

«Қазшпал» Акционерлік қоғамы

қара жұмысшы -2

2

80,820

2.

«Сары-оба Астык» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

қара жұмысшы 18

18

727,3

3.

«Михайловское » Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

қарауыл -2 аумақты тазалайтын-2

4

161,6

4.

«Қойгельды-Астық» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

қара жұмысшы -3 қарауыл -2 аумақты тазалайтын-1

6

242,4


Барлығы


30

1212,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады