Жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № А-13/387 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 қаңтарда № 1-12-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № А-12/433 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № А-12/433 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2 тармағына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылықтарға кездесуші мүгедектерді әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерге құрылатын жұмыс орындарына жолдама беруді жүзеге асырсын.
      3. Нақты қаулының күші 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқық қатынасына тарайды.
      4. Жарқайың ауданында “Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жарқайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қаңтарындағы № А-1/1 қаулысы (Аумақтық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Рееестрінде № 1-12-77 тіркелген) күші жойылған деп саналсын.
      5. Нақты қаулы Жарқайың ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді  және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.Ахметоваға жүктелсін.

      Жарқайың ауданының
      әкімі                                      А.Қалжанов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Жарқайың ауданы
      әкімінің орынбасары                        Ұ.А.Ахметова

      Жарқайың ауданы
      «Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік
      бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.Қ.Сидорина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады