Байланыс формасы

Әйтеке би, Мәртөк және Қобда аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 212 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 94 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде № 3258 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес, Әйтеке би, Мәртөк және Қобда аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан кем құрайтын немесе тұрғындарының бәрі кетіп қалған мына елді мекендер таратылсын:
      Әйтеке би ауданы бойынша:
      Ақтасты ауылдық округінің Аманкелді ауылы;
      Басқұдық ауылдық округінің Басқұдық ауылы;
      Қайрақты ауылдық округінің Қайрақты ауылы;
      Әйке ауылдық округінің Жаңадәуір ауылы;
      Сарат ауылдық округінің Бестас ауылы.
      Мәртөк ауданы бойынша:
      Хазірет ауылдық округінің Новопокровка ауылы.
      Қобда ауданы бойынша:
      Жиренқопа ауылдық округінің Ешқырған ауылы;
      Білтабанов атындағы ауылдық округінің Қурайлы ауылы;
      Бестау ауылдық округінің Еңбекші адай ауылы;
      Сарбұлақ ауылдық округінің Әбдібұлақ ауылы.
      2. Әйтеке би, Мәртөк, Қобда аудандарының әкімдері (Е.Қ.Есенбаев, А.А.Әмірғалиев, Л.Қ. Исмағамбетова) таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
      3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерді есептi деректерден шығарсын.
      4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      5. Осы қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкiмi

Е. САҒЫНДЫҚОВ

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы

Ғ. НҰРЫШЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады