Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 25 желтоқсанда № 3275 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.08.2016 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.08.2014 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.08.2014 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы М. ТҰЯҚОВА
      Облыстық мәслихаттың хатшысы А. ЕСІРКЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады