1992 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 6 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 желтоқсанда N 3-1-100 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 05-9/9 хаты)

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010.01.10 № 05-9/9 хаты).

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі және Ережені бекіту туралы" Қаулысын орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылдың 12 қаңтары мен 31 наурызы аралығында "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу жылы жасы 17 жасқа толатын 1992 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
      Шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Қ.Қ.Сабыр келісім бойынша) "Ақтөбе қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
      1) тiркелушілерге медициналық куәлiк берудi жүргiзу үшiн дәрiгер-мамандарды және медбикелерді;
      2) тiркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;
      3) шақыру учаскесіне шақырушылар санының көбеюіне байланысты қосымша медициналық комиссиядан өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;
      4) дәрігер - мамандардың резервтік құрамын;
      5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi - дәрмектердi.
      3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
      1) тiркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру пунктiне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету;
      2) азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (шәкіртақысын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату;
      3) техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлу.
      4. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е.Г.Нұрғалиев келісім бойынша) "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (Т.К.Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1992 жылы туған азаматтарды толық тiркеуге алуды бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ азаматтарды кейiн күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп есепке алсын.
      5. Қалалық iшкi iстер бөлiмiне (Е.Б.Есмаханов келісім бойынша) полиция нарядын бөл ұсынылсын: шақыру пунктінде қоғамдақы тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам.
      6. Қалалық әділет басқармасына (Б.С.Ерімбетов келісім бойынша), N 2 қалалық сотқа (А.А.Құрмантаев келісім бойынша) меншiк түрiне қарамастан органдар мен ұйымдарға тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабында қарастырылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Селолық округтер әкiмдерi "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақырылуға дейiнгiлерді және шақырылушыларды олардың шақырту пунктiне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.
      8. "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Т.К.Бөлтеев) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын алсын. Тiркеу қорытындысы туралы 2009 жылдың 10 сәуiрiнде қала әкiмiне хабарласын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға және "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.К.Бөлтеевке жүктелсін.
      10. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкiмi                                   А.Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады