Маржанбұлақ ауылдық округіне карасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округ әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 22 қаңтарда N 3-3-69 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіндегі "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 24.12.2015 № 388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 31.03.2017 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін:

      Маржанбұлақ елді мекенінде:

      № 1. Абай Құнанбаев

      № 2. Шернияз

      № З. Б.Момышұлы

      № 4. Ә.Жангелдин

      № 5. Д.Қонаев

      № 6. Мектеп

      № 7. Аққұдық

      № 8. Ақтөбе

      № 9. Ж.Жабаев

      № 10. А.Иманов

      № 11. Достық тұйығы

      № 12. Үлан тұйығы

      № 13. Әбілхайыр хан

      № 14. Ә.Молдағұлова

      № 15. Ш.Берсиев

      № 16. Ж.Кереев

      № 17. Желтоқсан

      № 18. Н.Байғанин

      № 19. Есет Батыр Көкіұлы

      № 20. А.Байтұрсынов

      № 21. Қобланды батыр

      № 22. Тәуелсіздік

      № 23. Диханшылар

      № 24. Құрылысшылар

      № 25. Ш.Қалдаяқов

      № 26. Айтеке би

      № 27. М.Маметова

      № 28. Сәнкібай батыр

      № 29. Мөңке би

      Қайындысай елді мекенінде:

      № 1. Ы.Алтынсарин

      № 2. Маржанбұлақ

      № 3. Бейбітшілік

      № 4. М.Оспанов

      № 5. Акыраб

      Қарағандысай елді мекенінде:

      № 1. М.Ауезов

      № 2. Төле би

      № 3. Т.Рысқұлов

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 18.10.2019 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Алдияров Н.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады