2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімиятының 2008 жылғы 15 мамырдағы N 213 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 10 маусымда N 3-9-63 тіркелді. Күші жойылды - Ақтебе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтебе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009.06.08 N 261 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мідеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 44 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 563 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Д. Танкиев (келісімен) 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырылу мерзімің ұзартуға құқығы жоқ ер азаматтарды және шақырылудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүзеге асырылсын.
      2. 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдасыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3.1) Қандыағаш қаласының және оған жақын орналасқан аудандық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін "Шақыру учаскесі" болып "Аудандық қорғаныс істері бөлімінің" ғимараты белгіленсін.
      2) Ембі, Жем қалаларының және оларға жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін "Шақыру учаскесі" болып "Ембі қаласының N 18 Кәсіптік мектебінің" ғимараты белгіленсін.
      4. Аудандық емханасының бас дәрігері Ж. Тәребаев (келсімімен) және Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері З. Саркулова (келісімімен):
      1) шақыру учаскелеріндегі медициналық персоналдардың жұмыстарына басшылық ететін дәрігерлер - медициналық комиссияларының төрағаларын, әскери-дәрігерлік сараптама саласында қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандардың шақыру жұмыстарына қатыстыруын қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шакырылғандарды, флюрографияға түсуін және қан тобын анықтау үшін зерттеу лабораториясынан өткізуін ұйымдастырсын;
      5. Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуды, оларды хабардар етуді ұйымдастырсын және шақыру учаскелерше уақытылы келулерш қамтамасыз етсін.
      6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Аликулов (келісімімен):
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру учаскелеріндегі және аудандық емханасындағы, Ембі аудандық ауруханасындағы ғимараттарында қоғамдық тәртіптік сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) шақырылушылардың аудандық шақыру комиссияларына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзіне беру мүмкін болмаған барлық жағдайларда аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы хабарлаған кезде оларды іздестіру және келуін қамтамасыз етсін.
      3) аудан бойынша ауылдық округтерінің азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде шақыру учаскелеріне тиісті учаскелік полиция инспекторлары еріп жүруі қамтамасыз етсін.
      7. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Д. Танкиев (келісімімен) шақыру комиссиясының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да ескерлер мен әскери құрылымдарқа шақыру аяқталғаннан кейін облыстық шақыру комиссиясына хабардар етсін:
      1) шілдеде – көктемгі шақырудың қорытындылары бойынша;
      2) қаңтарда - күзгі және тұтастай алғанда бір жылғы шақырылулардың қорытындылары бойынша атқарған жұмыстары туралы егжей - тегжейлі есептерін тапсырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Дурмашевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа 10 күннен кейін енгізіледі.

      Аудан әкімі                        С. Шаңғұтов

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 15 мамырдағы
N 213 қаулысына
қосымша

"2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы"

Танкиев Дастан Шынғысұлы       Аудандык қорғаныс істері
                               бөлімінің бастығы, комиссия
                               төрағасы (келісімімен)

Үсенбаев Арман Ұзақбайұлы      Аудан әкімі аппаратының
                               әскери жұмылдыру, азаматтық
                               қорғаныс және төтенше
                               жағдайлар жөніндегі комиссия
                               төрағасының орынбасары

Бекова Гүлзат Сахиқызы         Аудандық дене тәрбие және
                               спорт бөлімінің бас маманы,
                               комиссия мүшесі

Берекетова Фарида Телегенқызы  Аудандық емханасының
                               жасөпірімдер медбикесі,
                               комиссия хатшысы
                               (келісімімен)

Баженов Баглан Маукенұлы       Аудандық ішкі істер
                               бөлімінің бастығының
                               орынбасары, комиссия мүшесі
                               (келісімімен)

Құсайнов Балтабек Есенгалиұлы  Аудандық емханасының
                               меңгерушісі, медициналық
                               комиссиясының төрағасы,
                               комиссия мүшесі
                               (келісімімен)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады