Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Ақсу елді мекеніне көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 3 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 6 қаңтарда N 3-9-88 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Ащысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2016 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ащысай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Ақсу елді мекенінің көшесіне Науан Досмағамбетовтың атындағы көше атауы берілсін. Көшеге елді мекендердегі барлық үйлер жатқызылсын.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ащысай ауылдық округінің
әкімі
М.Т. Изтурганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады