Ақсай селосының көшелерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-83 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Ақсай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Ақсай ауылдық округ әкімі шешім етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      1. Ақсай ауылының атаулары жоқ:
      1) N 1 көшесіне – Мүсіртау;
      2) N 2 көшесіне – Латыпов Қарағұл;
      3) N 3 көшесіне – Жаманағаш;
      4) N 4 көшесіне – Нұрпейс Байғанин;
      5) N 5 көшесіне – Қален Тұрдалин;
      6) N 6 көшесіне – Төсбұлақ;
      7) N 7 көшесіне – Жасыл;
      8) N 8 көшесіне – Мектеп;
      9) N 9 көшесіне – Рауан деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
      Ақсай ауылдық округінің әкімі А.Әмір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады