Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда № 3-10-72 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 13.07.2016 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасы негізінде және Қопа, Шитүбек, Қалмаққырған, Ақжар елді мекендерінің тұрғындарының конференцияларының хаттамасына сәйкес Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 05.04.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қопа ауылының атаулары жоқ:
      N 1 көшесіне "Ақбұлақ көшесі";
      N 2 көшесіне "Ықсан Ниетов атындағы көше";
      N 3 көшесіне "Орталық көшесі";
      N 4 көшесіне "Саябақ көшесі";
      N 5 көшесіне "Мектеп көшесі";
      N 6 көшесіне "Талшын Ержанова атындағы көше" деген атаулар берілсін.
      2. Шитүбек ауылының атаулары жоқ:
      N 1 көшесіне "Ербөлек ата көшесі" атауы берілсін.
      3. Қалмаққырған ауылының атаулары жоқ:
      N 1 көшесіне "Теміржолшы көшесі";
      N 2 көшесіне "Сара Бекниязова атындағы көше" атаулары берілсін. 4. Ақжар ауылының атауы жоқ:
      N 1 көшесіне "Завод көшесі" атауы берілсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариаланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Кеңестуы ауылдық округінің әкімі: Қ.З. Бакиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады